jasqazaq.kz

Шымкентте әкімдік қызметкерінен 10 млн теңге бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды

07 қараша 2025, 11:20

Шымкентте мемлекеттік қызметшіден 10 млн теңге бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында лауазымды тұлғадан ақша бопсалаған блогер-журналисті ұстады.

Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті әкімдік қызметкерінен 10 миллион теңге көлемінде ақша талап еткен. Ол бұл сомаға әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың қызметін қаралайтын материалдарды таратпауға уәде берген.

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында күдіктінің тұрғылықты жері мен кеңсесінде тінту жүргізіліп, нәтижесінде электрондық құрылғылар мен өзге де заттай айғақтар тәркіленді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция бопсалау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын заңға қайшы әрекет екенін ескертеді.

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді