jasqazaq.kz

Шымкентте «Айкөл» тұрғын ауданында су жүйесі іске қосылды

01 желтоқсан, 20:47

Бүгін Шымкент қаласының әкімі «Айкөл» тұрғын алабының тұрғындарымен бірге ауызсу жүйесін іске қосу рәсіміне қатысты. Жоба тұрғындармен өткен көшпелі кездесу нәтижесінде жүзеге асып отыр. Кездесу барысында тұрғындар шағынауданды сапалы ауызсумен қамтамасыз етудің өзекті мәселе екенін атап өткен болатын.

Жоба аясында ұзындығы 14,7 шақырым болатын су құбыры желісі жүргізілді. Нәтижесінде 38 абонентке — тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға толыққанды ауызсу жеткізілімі қамтамасыз етілді. Бұл өз кезегінде санитарлық-гигиеналық жағдайды айтарлықтай жақсартып, жергілікті халықтың өмір сүру сапасын арттырады.

Шымкент қаласының тұрғыны Назым Қалыбекова:
«Су қосылды, барлығына рақмет. Енді бәрі жақсарады деп үміттенеміз. Мүмкін, бау-бақша егіп, жеміс-жидек өсіруді де қолға алармыз», — деп өз қуанышымен бөлісті

Қала әкімі жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен демеушілерге, сондай-ақ жұмысты сапалы әрі уақытылы орындаған мердігер ұйымға алғыс білдірді. Қысқа мерзімде нәтижеге қол жеткізуге әкімдік, бизнес өкілдері және аудан тұрғындарының бірлескен жұмысы мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта Шымкент қаласының ауызсумен қамтылу деңгейі 99,5 пайызды құрайды. Әкімдік бұл көрсеткішті 99,9 пайызға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Биыл Текесу және Қызылжар-2 шағын аудандарында су жүйесі іске қосылды. Келесі кезекте – 4,5 мыңнан астам үйі бар ірі Құрсай тұрғын алабы. Мұнда ауызсу жүйесі осы айда қосылады деп жоспарланған.

Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Рзабек Мендікұлов:

«Жоспарымызға сәйкес, биылғы желтоқсан айында Құрсай тұрғын алабында ірі инфрақұрылымдық жоба іске қосылады. Жоба жүзеге асқаннан кейін қаланың ауызсумен қамтылу деңгейі 99,9 пайызға жетеді. Бүгінде Текесу және Қызылжар-2 елді мекендеріне су берілді. Бүгін сондай-ақ Айкөл тұрғын алабы ауызсумен қамтамасыз етілді», — деп атап өтті.

«Айкөл» тұрғын ауданында су жүйесінің іске қосылуы халықпен жүргізілген ашық диалог пен өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған міндеттердің жедел шешімінің нәтижесі болып отыр. Алдағы уақытта да коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғаса бермек, бұл өз кезегінде қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Бүгін, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді