jasqazaq.kz

Шымкентте Абай күні рухани-мәдени мерекеге айналды

10 тамыз, 13:16

10 тамыз — қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні.  2020 жылдан бері бұл күн «Абай күні» ретінде ресми түрде атап өтіледі. Биыл ұлы ойшылдың туғанына 180 жыл толды.

Абай шығармашылығы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына негіз болса,  философиялық идеялары халықтың рухани дамуына терең әсер етті. Абай білімге, прогреске шақырды және бірлікке деген сүйіспеншілікті насихаттады. Кемеңгердің «Қара сөздері» сияқты еңбектері бүгінгі күнге дейін өзекті болып, жаңа буындарды шындық пен үйлесімділікке ұмтылуға шабыттандырады.

Ұлы ақынның 150 және 175 жылдық мерейтойлары ЮНЕСКО шеңберінде халықаралық деңгейде аталып өтті. Абай ескерткіштері Ресей, Түркия, Германия, Франция, Иран сияқты елдерде орнатылған.

Биыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы туған жерінен бастап, бүкіл ел ішінде кең құлашпен атап өтілді. Бұл күні жас та, кәрі де ақынның өлеңдерін оқып, қара сөздерін жатқа айтты.

Еліміздің үшінші мегаполисі — Шымкент қаласында да Ұлы ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған ауқымды іс-шаралар өтті. Мереке Абай саябағында ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жоғары оқу орындарының ректорлары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының және этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, белсенді жастар мен қала тұрғындары қатысты.

Мерекелік рәсімде бүлдіршіндер Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Қатысушылар 2009 жылы ашылған «Хакім Абай» музейін аралап, ақын шығармашылығымен, аудармаларымен және заманының тұрмыс-салтымен танысты.

Іс-шара Көрме орталығындағы «Ұлы Даланың Ұлы Абайы» көрмесін тамашалаумен жалғасты. Мұнда ұлы ақынның өмірі мен мұрасына қатысты құнды экспонаттар қойылған.

Рухани-мәдени мереке республикалық «Абай әлемі» байқауымен қорытындыланып, қаладағы мәдениет мекемелерінде концерттер мен әдеби кештер өтті.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласының әкімдігі 

Бүгін, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу