jasqazaq.kz

Шымкентте » Абай әлемі» республикалық байқауының ақтық сайысы өтті

10 тамыз 2025, 19:06

Сан ғасырға жүк болатын Абай Құнанбайұлының рухани мұрасы қай кезеңде де өзінің құндылығын жоғалтқан емес. Оның өз заманындағы құбылыстарға қаратып айтқан сөзі бүгінгі күні де өзекті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы ақын, данышпан Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына арнаған  сөзінде: «Хәкім Абайдың мол мұрасы – қазақ халқының ғана емес, барша адамзаттың өнеге алатын асыл қазынасы. Оның ой-толғамдары мен өсиеттерінің өзектілігі ешқашан жоғалмайды. Сондықтан Абайды тану және таныту, шығармашылығын терең зерделеу өте маңызды. Бүгінгі салтанатты іс-шараның түпкі мәні де – осында», — деп атап өтті.

Ел ішінде ұлы ақынның 180 жылдық мерейтойына арнап түрлі іс-шаралар өткізіліп жатқаны белгілі. Осы орайда жыл сайын өткізілетін «Абай әлемі» республикалық байқауы туралы айрықша айтқан жөн.

Бүгін Шымкент қаласында ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының әдеби-рухани мұрасын дәріптеуге арналған «Абай әлемі» республикалық байқауының қорытынды кеші өтті.

Байқаудың алғашқы кезеңі 1 маусым мен 15 шілде аралығында өткен болатын. Биыл 18-35 жас аралығындағы 117 үміткер қатысып, оның 26-сы ақтық сайысқа жолдама алды. Қатысушылар еліміздің барлық өңірінен жиналды.

Салтанатты кеште финалистер Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін мәнерлеп оқып, шығармашылығына арналған зерттеулерін ұсынды. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Абай мұрасының жас ұрпаққа рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңірудегі маңызын атап өтті.

Бас жүлдені 6506 әскери бөлімінің қызметкері Мәлік Бекжан жеңіп алып, 1 миллион теңге көлемінде сыйақыға ие болды. Батыс Қазақстан облысынан келген Азат Мыңбаев бірінші орынды иеленіп, 700 мың теңгелік жүлдені алды.

Айта кетейік, «Абай әлемі» байқауы үшінші жыл қатарынан өтіп, жас дарындарды анықтау мен Абай шығармашылығын насихаттаудың маңызды алаңына айналды.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласының әкімдігі 

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді