Шымкентте 8,76 шақырым ішкі орам жылу жүйелері жаңалануда

31 шiлде 2023, 9:59

Шымкент қаласында ұыста халықты үздіксіз, сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында қазір қала аумағындағы дербес қазандықтарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар нысанды аралап, жылу маусымына дайындық шараларын пысықтады. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы мен «Қуатжылуортталық-3» мекемесі арасындағы келісім шартқа сәйкес қаладағы 16 нысанда жалпы ұзындығы 8,76 шақырымды құрайтын ішкі орамдық жылу жүйелері ауыстырылуда.

Гагарин көшесінде жалпы ұзындығы 1500 метр құбырлар жаңартылуда. Осыған дейін мұнда 340 метр желі ауыстырылған. Ал 18 шағынаудандағы Ерімбетов — Рысқұлов көшелерінің қиылысында жалпы ұзындығы 808 метр құбырды демонтаждау жұмыстары атқарылуда.

Аталған аумақтарда жылу жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары өндірістік кестеге сай атқарылуда. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға жылу жүйелеріндегі барлық ақаулықты ретке келтіріп, жылу маусымына дайындық жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін толық аяқтауды тапсырды.

Шымкентте алдағы жылыту маусымына орай тозығы жеткен жылу жүйелері жаңартылуда. Тозу деңгейін төмендету мақсатында биыл 19,4 шақырымдық жылу құбырынае ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінге дейін оның 17,8 шақырымы біткен, бұл 92 пайызды құрайды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Соның ішінде, Толстой – Адырбеков көшесінде 357 метр жылу құбыры ауыстырылуда. Бүгінде оның 267 метрі аяқталса, қыркүйек айының соңына дейін толық ауыстырылып бітпек. Жұмыс барысымен танысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов тиісті сала басшысына жылыту маусымы кезеңіне дейінгі қажетті шаралардың талапқа сай және уақытылы атқарылуын тапсырды.

«Мегаполистегі жылыту орталықтарының бірі – «Қуатжылуорталық-3» МКК. Шымкент қаласының әкімі нысандарды тексеру барысында аталған мекемеге қарасты 838 шақырымдық құбырдың 80-ге жуығында ақау анықтаған болатын. Қазіргі таңда барлығы толығымен ретке келтірілді. Мекеме жылыту маусымына дайын» делінген әкімдік мәліметінде.

Мерей Әлімбек

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады