Шымкентте 5 бағыттағы кластерлік жобалар жүзеге асып жатыр

23 тамыз 2023, 12:21

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен ауыл шаруашылығы кластерін дамыту жөніндегі жиын өтті. Онда осы салаға қатысты инвестициялық жобалар мен мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар туралы айтылды. Атап айтқанда, жемісті қайта өңдейтін 3, көкөністерді сақтауға арналған 6, құс шаруашылығына байланысты 1, тауарлы сүт фермасы 1, өсімдік майын өндіру цехы 1, жылыжай кешені 1, жалпы инвестициялық 13 жоба таныстырылды.

Сонымен қатар «Shymkent» АҚ әлеуметтік кәсіпкерлік кәсіпорны тарапынан 4%-бен якорлы жобаларды қаржыландыру бойынша «Іскер қала» іс-шарасының жоспары шеңберінде 1-2%-бен және 21-35 жас аралығындағы жастарға 2,5% жеңілдікпен жеке қосалқы шаруашылықтарды қаржыландыру мақсатында шағын несие беру туралы баяндалды.

Қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқарма басшысы Әбунасыр Жанбатыровтың айтуынша, 3 жылдан аса жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің 21-ден 29 жасқа дейінгі иелері, 21 жастан 58 жасқа дейінгі әйел кәсіпкерлік субъектілері 7,5 %-бен 10 млн. тг. дейін субсидиялау көмегіне жүгіне алады. Сонымен қоса, өнеркәсіптік парк тұрғындарының кәсіпкерлік субъектілері, АӨК-ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері 8,5%-бен 50 млн. тг. дейін субсидиялау көмегін алуға мүмкіндігі бар.

-Қаламыздың агломерациялық өсімінің артуына байланысты, ауыл шаруашылығы өнімдерінен дайын өнім өндіретін кәсіпорындарды көптеп ашып, осы бағытта атқарылатын жұмыстарға күш салуымыз керек,-деді қала басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы.

Қ.Ж.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығын дамытудың кешенді жобалары жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 91 кластерлі жобаның тізімі бекітіліп, 62 жоба іске асырылды. Құлпынай, ащы бұрыш, көкөніс өсіру, мал бордақылау, бал ара шаруашылығы, балық шаруашылығы бағытындағы жобалар қазірден тиімділігін көрсетуде.

Бүгінде қаламызда «Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту Ұлттық жобасы» аясында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатындағы кешенді шаралар өз нәтижесін беруде. Мемлекеттік бағдарламалар аясында жыл сайын егістік алқаптардан жиналатын өнім көлемі де артып келеді. Кешенді шаралар қала тұрғындарының тұрмысын жақсартып, сапалы өніммен қамтуға мүмкіндік беруде. Бүгінгі семинар алдағы уақытта мегаполис агросекторының дамуына жол ашып, тың жобаларды жүзеге асыруға сеп болады.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз