jasqazaq.kz

Шымкентте 3,5 мыңнан астам адам арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылған

28 шiлде, 16:53

Әрбір азаматтың әл-ауқаты – ел дамуының басты өлшемі. Әсіресе мүгедектігі бар жандарға мемлекет тарапынан жасалатын қолдау – әлеуметтік әділеттіліктің айқын көрінісі. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қолдауға бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасып келеді.

2025 жылдың басынан бері мегаполисте 3 451 адам арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған. Бұл – тек ресми тіркелгендердің саны. Олардың қатарында психоневрологиялық ауруға шалдыққандар, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мен ересектер, өз-өзіне қызмет көрсете алмайтын І және ІІ топтағы мүгедектігі бар тұлғалар, сондай-ақ жалғызілікті қарттар бар.

Мемлекет олардың әрқайсысына өмір сүру сапасын арттыру мақсатында әлеуметтік қолдау көрсетуде. Қызметтер бірнеше форматта ұйымдастырылған: стационарлық, жартылай стационарлық, уақытша болу және үй жағдайында көрсетілетін қызметтер. Атап айтқанда, стационарлық жағдайда – 917 адам, жартылай стационарлық негізде – 503 адам, уақытша болу форматында – 742 адам, ал үй жағдайында – 1 289 азамат қажетті көмекті алып отыр.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер 14 мекемеде ұсынылады. Бұл мекемелер Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты. Онда 1 600-ден астам білікті әлеуметтік қызметкер еңбек етеді. Олар күн сайын ерекше қажеттілігі бар жандарға әлеуметтік-тұрмыстық, психологиялық, педагогикалық, медициналық, құқықтық және мәдени бағыттағы 8 түрлі қызметті ұсынуда.

Айта кету керек, бұл салада тек мемлекеттік мекемелер ғана емес, үкіметтік емес ұйымдар да белсенді жұмыс істеп келеді. Олар балама негізде әлеуметтік қызмет көрсетіп, қолдау аясын кеңейтуге және сапасын арттыруға сеп болып отыр.

Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетудің басты мақсаты – олардың қоғам өміріне толыққанды араласуына жағдай жасау, тең мүмкіндік беру және адами қадір-қасиетін сақтау. Мемлекет бұл топтағы жандарды әлсіз деп емес, ерекше қажеттілігі бар азаматтар деп қабылдай отырып, оларды өз әлеуетін толық жүзеге асыруға ынталандырады.

Қоғамның гуманистік сипаты – оның ең әлсіз мүшесіне көрсетілетін қарым-қатынаспен өлшенетіні белгілі. Осы тұрғыдан алғанда, Шымкенттегі әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі – мүгедектігі бар жандарды шеттетпей, керісінше қоғаммен бейімдеп, лайықты өмір сүруіне барлық мүмкіндік жасалып жатқанын айқын аңғартады.

Бибайша Нұржанқызы, 

Шымкент 

Сурет:  gov.kz

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті