jasqazaq.kz

Шымкент: Жұмыспен қамтуға бағытталған шағын жәрмеңке өтті

15 қазан 2025, 13:28

Бүгінде қоғам дерті – масылдықпен күресу үшін «балық емес, қармақ бер» дейтін қағиданы жүзеге асыру қажеттігі туындады.  Бұл орайда мемлекет тарапынан біраз бағдарлама қабылданғаны белгілі. Мәселен,  жастарды қолдау, жұмыспен қамту мақсатында «Жастар іс-тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны» секілді бағдарламалар бар. Сондай-ақ қайтарымсыз грант алып, кәсібін дөңгелетуге жағдай жасалған. Дегенмен қалың көпшілікке мемлекеттің жұмыспен қамтуға арналған бағдарламалары туралы түсінік беріп, бағдар көрсету қажет. Шымкент қаласында бұл жұмыс жүйелі түрде жолға қойылып, іске асырылып келеді. Сондай іс-шараның бірі – жұмыс жәрмеңкесі.

Шымкент қаласы Еңбек мобильділігі орталығының Қаратау ауданы бойынша мансап орталығының ұйымдастыруымен халықты жұмыспен қамту және мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіруге арналған ақпараттық шағын жәрмеңке өтті.

Сайрам тұрғын алабындағы Шымкент қалалық өзбек драма театрында өткен іс-шара Шымкент қаласы прокуратурасының ұсынысы, сондай-ақ «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының бастамасымен жүзеге асты.

Жәрмеңке барысында тұрғындарға 400-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды. Оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс, мәдениет, қызмет көрсету және туризм салаларындағы бос орындар қамтылды. Азаматтарға «Enbek.kz» платформасы арқылы электронды түрде жұмыс іздеу мен тіркелу тәртібі түсіндірілді.

Сонымен қатар, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға кеңес беріліп, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға арнайы дайындалған брошюралар мен буклеттер таратылды.

Сөйтіп осы іс-шара қорытындысы бойынша 11 азамат тұрақты жұмысқа жолданды. Екі адам «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты. 12 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелді.

60-қа жуық тұрғынға ақпараттық материалдар таратылды.

Шымкент қаласының Еңбек мобильділігі орталығы алдағы уақыттта да жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру және мемлекет ұсынатын жұмыспен қамту құралдарын кеңінен насихаттауды жалғастырады.

 

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Еңбек мобильділігі орталығы

 

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді