jasqazaq.kz

Шымкент: Жұмыспен қамтудың жолы көп

13 қазан, 14:14

Қоғамда масылдық көңіл күйді төмендету, өз еңбегімен күн көрудің орнына мемлекет жәрдеміне алақан жаятын патерналистік пиғылдың орнығуына жол бермеудің ең тиімді жолы – жұмыспен қамту. Бұл орайда жұмыс беруші мен іздеуші арасын жалғап, бос жұмыс орындарын ұсынудан бастап, жаңа кәсіп үйрету, қайтарымсыз грант беру сияқты іс-шаралардың маңызы зор.

Шымкент қаласында мұндай жұмыс жүйелі түрде жолға қойылған.

Мәселен, үшінші мегаполисте Еңбек мобильділігі орталығының ұйымдастыруымен әр аптаның сәрсенбі күні аудандық мансап орталықтары елді мекендерді аралап, жұмыспен қамту шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Кезекті түсіндіру жұмысы жуырда Еңбекші ауданының мансап орталығының қызметкерлері тарапынан «Айна» базарында өтті.

Мансап орталығының мамандары базарға келуші тұрғындар мен бейресми жұмыс істеп жүрген азаматтарға ресми жұмыс орындары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, Enbek.kz мобильді қосымшасы арқылы күн сайын жарияланатын бос жұмыс орындары туралы мағлұмат берілді.

Enbek.kz қосымшасы азаматтарға үйден шықпай-ақ, ұялы телефон арқылы тұрақты және уақытша жұмыс орындарымен танысуға мүмкіндік береді. Оған қоса, тұрғындарға жұмыспен қамтуға қатысты мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау шаралары туралы ақпараттық парақшалар таратылды.

Сондай-ақ Шымкент қаласында жұмыссыз азаматтарды қолдау мақсатында кәсіптік оқыту бағдарламасы қарқынды жүзеге асуда. Мұндай бастама жұмыссыздарға жаңа кәсіп меңгеріп, еңбек нарығына қайта қосылуға мүмкіндік береді.

Бүгінде қала бойынша 760 адам кәсіптік оқуға жолданған. Олардың ішінде 600 дама білім беру ұйымдарында оқып жатса, 160 азамат жұмыс берушілердің өндірістік базасында тәжірибе жинақтауда.

Айта кеткен жөн, кәсіптік оқуға қатысушыларға шәкіртақы төленеді. Білім беру ұйымдарында оқитындарға – 43 574 теңге, ал жұмыс орындарында тәжірибеден өтушілерге – 78 640 теңге көлемінде шәкіртақы төленіп жатыр.

Бүгінде Alisha оқу орталығында 25 жұмыссыз қыз-келіншек білім алып жатыр. Оның ішінде 20 шәкірт «кестелеуші», 5 адам «тігінші» мамандығын игеру үстінде.

Оқу аяқталған соң қатысушыларға арнайы сертификат табысталып, олар еңбекке орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Өз кәсібін ашқысы келетіндер үшін қажет мәлімет: 20 қазаннан бастап ІІІ лек үшін қайтарымсыз грантқа өтінім қабылданады

2025 жылдың 20 қазанынан бастап Business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз гранттарға өтінім қабылдау басталады. Шымкентте ІІІ-лекте 93 адамға қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр.

Грант көлемі – 400 айлық есептік көрсеткіш (1 572 800 теңге);

Осы сомаға қол жеткізген жандар жаңа бизнесті бастауына немесе дөңгелетіп отырған кәсібін әрмен қарай дөңгелете алады.

Ескеретін жәйт – мұндай көмек тек бір рет беріледі, бірақ қайтарымсыз.

Оған  жұмыссыз ретінде тіркелген тұрғындар, жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылдан аспауы тиіс) қатыса алады.

Сонымен қатар, үміткерлер келесі әлеуметтік санаттардың біріне жатуы қажет:

– Мүгедектігі бар тұлғалар

– Көпбалалы немесе аз қамтылған отбасы мүшелері

– «Кандас» мәртебесі барлар

– Мүгедек баланы тәрбиелеп отырғандар

– Асыраушысынан айырылғандар

– Өңіраралық қоныс аударушылар

Қайтарымсыз гранттың қосымша шарты бар. Оған сәйкес, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша соңғы үш жылда кәсіпкерлік негіздерінен оқығаны туралы сертификат болуы қажет.

Өтінім беру үшін алдымен порталда тіркеліп, грант шарттарына сәйкестікті растау керек. Содан кейін бизнес-жоспарды толтырып, өтінішке электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қол қояды.

Интернеті жоқ азаматтар мансап орталықтары немесе ХҚКО-лардағы өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы өтініш беруіне болады.

Қайтарымсыз грантты мынадай мақсатта пайдалануға болады:

— Құрал-сайман, жабдық, мал, тұқым, көшет сатып алу

— Жалға алу шығындарын жабу

— Кредит өтеу, тұрғын үй/жер сатып алу немесе салу, акцизделетін өнім шығару үшін пайдалануға болмайды

Грант иегерлерін комиссия өкілдері іріктейді. Үміткер өз жобасын комиссия алдында қорғайды.

Бағалау мынадай критерийлермен жүргізіледі:

– Бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі;

– Өткізу нарығының нақтылығы;

– Қаржылық өміршеңдік;

– Жаңа жұмыс орындарын құру әлеуеті.

Комиссия шешімі порталдағы жеке кабинетке жіберіледі. Қолдау тапқан жағдайда, шартқа қол қойылып, қаражаттың жұмсалуы бойынша тоқсан сайын есеп беріледі. Бұл рәсімнің бәрі электронды форматта жүргізіледі.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы еңбек мобильділігі орталығы

 

31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу
29 қазан, 12:25
Суомимен стратегиялық деңгейдегі серіктестік