jasqazaq.kz

Шымкент: Жылу маусымы ойдағыдай басталды

05 қараша 2025, 19:45

Күн суытқан соң қала әкімінің өкіміне сәйкес, Шымкент қаласында 1 қарашадан бастап жылу маусымы ресми түрде басталды. Ең алдымен әлеуметтік нысандар – мектептер, балабақшалар, ауруханалар және басқа да мекемелер жылумен қамтамасыз етілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі – әкімнің орынбасары Сәрсен Құранбек айтып өтті.

Қазіргі таңда қаладағы 476 әлеуметтік нысанның 475-і жылуға қосылды. «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы жаңа ғимаратқа көшуіне байланысты тіркеу рәсімдерінен өтуде, жылу қосу жұмыстары аяқталу үстінде. Бұл орталық Аймауытов көшесінен Астана шағынауданына көшіп, жаңа ғимаратқа орнасты.

Білім басқармасына қарасты 269 мекеменің 249-ына сапалы жылу берілді. Оның ішінде 160 мектептің 91-і орталықтандырылған, 69-ы жеке қазандықтармен жылытылады. Сондай-ақ 71 балабақшаның 51-і орталықтандырылған жүйеге қосылған, ал 20-сы жеке қазандықтармен жылу алады. Қалған 20 мекемеде техникалық ақауларды жою және құбырларды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Денсаулық сақтау саласы нысандары бойынша жылу маусымы толық басталды. Қаладағы 100 медициналық ұйымның 69-ы автономды, ал 31-і орталықтандырылған жылу жүйесі арқылы қамтамасыз етілген. 2025 жылғы 4 қарашадағы жағдай бойынша барлық медициналық мекемелер жылуға қосылған. Үй-жайлардың температурасы санитарлық талаптарға сай +22°С пен +26°С аралығында сақталуда.

Жылу маусымының басталуы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылды. Оған сәйкес, бес тәулік қатарынан сыртқы ауаның орташа температурасы +8°С және одан төмен деңгейде болған жағдайда немесе ауа райының күрт салқындауына байланысты қала әкімінің өкімімен жылу беріледі. Қаладағы 2 154 көпқабатты тұрғын үйдің 2 093-і жылу жүйесіне қосылған, қалған үйлер мен мекемелерді қосу жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасып жатыр. Қуатжылуорталық-3 МКК тарапынан тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді. Байланыс телефондары: 8 (7252) 44-81-89 және 8 (7252) 44-82-37.

Шымкент қаласы әкімдігі жылыту маусымының өту барысын тұрақты бақылауда ұстап отыр. Қала тұрғындарынан үйішілік жүйелерді уақтылы дайындауға және ақау туындаған жағдайда ОСИ немесе КСК қызметіне хабарласуға кеңес беріледі.

JQ-Aqparat

Сурет: istockphoto

 

22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)