jasqazaq.kz

Шымкент: «Жұлдыз», «Жалын» тұрғын алаптары газдандырылды

15 тамыз, 15:55

Тұрғын үйлерді «көгілдір отынмен» тұрақты қамтамасыз ету Үкіметтің басты назарында болуы тиіс. Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qazaqgaz Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Санжар Жәркешевті қабылдап, еліміздегі газ саласын дамыту және тұрғын үй және өндірістік нысандарды «көгілдір отынмен» қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді. Кездесуде Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбыры желісі екінші тармағының құрылысы басымдық берілген жоба екені атап өтілді. Аталған газ құбыры желісі Шымкент шаһары мен Түркістан облысындағы елдімекендерді толығымен отандық газға көшуге мүмкіндік берді. Жобаның екінші тармағына сәйкес, қосымша 15 млрд текше метр газ тұтынушыға жеткізіледі. Бұл мегаполис пен елдімекендерді газдандыру ауқымы ұлғаяды деген сөз.
Қазіргі таңда 2024-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласын дамыту бағдарламасы аясында мегаполисте инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Таяуда қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен бірге «Жұлдыз» (жаңа құрылыс аумағы) және «Жалын» тұрғын алаптарында табиғи газды қосуға қатысты.
Айта кету керек, газ құбырларының құрылысы өткен жылдың тамыз айында тұрғындармен көшпелі кездесулер кезінде айтылған өтініштері бойынша басталған болатын. Бүгін «Жұлдыз» шағын ауданында 834 абонент және «Жалын» шағын ауданында 566 абонент көгілдір отынға қол жеткізді. Мұны қала билігі мен тұрғындар арасындағы тікелей диалогтың жемісі деп бағалаған жөн.
Жоба аясында жаңа шағын аудандарда 33 шақырымнан астам газ құбыры төселді. Осының арқасында екі тұрғын алабы да орталықтандырылған газ жүйесіне қосылды.
Қала әкімі тұрғындардың көптен күткен қуанышына ортақтасып, мердігерлерге жұмыстарды сапалы және уақтылы орындағаны үшін алғыс айтты. Шаһар басшысы алдағы уақытта инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға басымдық берілетінін атап өтті.
Осы саланың мамандары түсіндіргендей, газға қосылу үшін тұрғындар техникалық шарттарды алуға өтініш беруі керек. Мұны «eGov Mobile» қосымшасы немесе электрондық үкіметтің веб-сайты egov.kz. арқылы жасауға болады.
Еліміздегі үшінші мегаполистегі газдандыру жұмыстары тұрғындарға көмір мен газ баллондарынан құтылып, қолайлы күнкөріс кешуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ қоршаған ортаға тарайтын зиянды қалдықты азайтып, қаланың экологиялық ахуалын жақсартады. Жаңа шағынаудандардың орталық газ жүйесіне қосылуы экономикалық белсенділікті арттырады. Жеке тұрғын үй құрылысын жандандырып, шағын жзәне орта кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді. Әсіресе, наубайхана, шеберхана және кафе ашқысы келетін кәсіпкерлер «көгілдір отынды» пайдалану арқылы өндіріс пен қызмет көрсету аясын кеңейте алады.
JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда