jasqazaq.kz

Шымкент: Жыл соңына дейін 31 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі

19 қараша 2025, 17:26

Еліміздің үшінші мегаполисі — Шымкент қаласында халықты баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар биыл да жоғары қарқынмен жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қолжетімді тұрғын үйлердің құрылысы кеңейіп, қала инфрақұрылымы сәнді де жаңа көпқабатты үйлердің саны көбейіп келеді. Соның арқасында «өз үйі, өлең төсегін» аңсаған көптеген отбасы биылдың өзінде баспанаға қол жеткізетіні сөзсіз.

Шымкент қаласы құрылыс басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта қалада 57 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы ауданы 283,5 мың шаршы метрді құрайтын 3 592 пәтердің ішінен жыл соңына дейін 2412 пәтері бар 31 үйдің пайдалануға берілуі жоспарланған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде айтып өтті.

Қазірдің өзінде 972 пәтерлі 12 үйдің құрылысы толық аяқталып, тұрғындардың игілігіне тапсырылған көрінеді. Оның ішінде Ақжайық шағынауданында – бес үй, Бозарық шағынауданында – жеті үй қолданысқа берілген. Қалған 19 үйдің құрылысы да жоспарға сай жүріп, жыл соңына дейін аяқтау жоспарланды. Айта кеткен жөн, таяуда қала басшылығы жауапты мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс сапасына баса назар аударуды және құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау қажет екендігін ескерткен болатын.

Тұрғындарға берілетін баспаналар «Отбасы банкі» АҚ арқылы кезекте тұрған азаматтарға үлестіріледі. Қазіргі таңда Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде 89 678 адам тіркелген. Олардың ішінде 1 780 – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 17 842 – көпбалалы отбасылар, 11 286 – толық емес отбасылар бар.

Шаһарда қарқынды жүргізіліп жатқан осындай ауқымды құрылыс жұмыстары тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етуге үлкен серпін беріп, Шымкенттің әлеуметтік дамуына айтарлықтай үлес қосып отыр.

JQ-Aqparat

Фото: regioninfo.kz

16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді