jasqazaq.kz

Шымкент: Жыл сайын мүмкіндігі шектеулі 3600 баланы оңалту қызметтерімен қамту жоспарланды

25 шiлде 2025, 11:17

Елімізде инклюзивті қоғамды дамыту ісіне атсалысып, қомақты үлес қосып жүрген қорлар жетерлік. Солардың ішінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жылы құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының алар орны орасан.  «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ләззат Шынқысбаева Шымкент қаласында ауыр науқасқа шалдыққан жандарға қор тарапынан көрсетілген көмек жайында егжей-тегжейлі айтып берді.
«Қасаң қабық трансплантациясын қажет ететін көз органдары аурулары бар науқастарға қайырымдылық көмек көрсету» қайырымдылық жобасы аясында трансплантация жасау үшін 304 донорлық қасаң қабықты дайындау және енгізу жоспарланған. 2023 жылдың мамырынан 2025 жылдың мамырына дейін 288 операция, оның ішінде Шымкент қаласындағы 6 науқасқа 7,094 млн теңге сомасына жүргізілді.
– «QH Оңалту орталықтары» қайырымдылық жобасы аясында 2024 жылдың қараша айында Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «№2 Оңалту орталығы» ШЖҚ МКК базасында оңалту орталығы ашылды (қордың үлесі — 191,1 млн теңге). Жыл сайын мүмкіндігі шектеулі 3600 баланы оңалту қызметтерімен қамту жоспарлануда.
«Қазақстан халқына» қоры әлеуметтік қолдау саласында да көмек қолын созған.
Шымкент қаласының 9 тұрғыны жалпы сомасы 69,8 млн теңгеге протез алды.
Барлығы аутизм және басқа да психикалық бұзылулары бар балаларға арналған 8 орталық ашу жоспарлануда: Шымкент, Павлодар, Талдықорған, Өскемен, Тараз, Ақтөбе және Қостанай, Ақтау.Ал Шымкентте  2023 жылдың сәуір айында 127,3 млн теңгеге орталық ашылған болатын.
– «QH Табалдырықтан табалдырыққа дейінгі қолжетімді орта» қайырымдылық жобасын іске асыру шеңберінде Шымкенттің 25 мектебінде жалпы сомасы 37,5 млн теңгеге 50 дана баспалдақ көтергіштері жеткізілді.
– «QH Үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» қайырымдылық жобасын іске асыру шеңберінде «Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК филиалдары мүгедек балаларға жалпы сомасы 4 589 721 875 теңгеге сапалы, тиімді, қауіпсіз техникалық оңалту құралдарын ұсынады. Жобаға 4 пилоттық өңір қатысады: Абай, Павлодар, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы.

Мөлдір Кенжебай,
Шымкент

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады