Шымкент: Жыл басынан бері 4,5 тонна ет өндірілген

08 тамыз 2023, 10:01

Шымкент – Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік және экономикалық орталықтарының бірі. Мегаполис орталығында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қолайлы болмаса да, қала аумағында еттік-сүттік мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының тұрақты дамуына мүмкіндік берілген.

Ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстарды жүргізу мен мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өскен. Мәселен, 6 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3 пайызға артқан. Өсім негізінен мал шаруашылығындағы өндіріс көлемі 3,2% –ға, оның ішінде тірі салмақтағы ет 3,2% – ға және сүт 2,6% –ға арту есебінен болған.
Ет өнімдеріне деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін қалыптастыру мақсатында қалада 7 мал бордақылау алаңы ашылды. Мұнда жалпы 3400 бас ірі қара мал бордақыланады. Бұл жобаларға 2,3 млрд. теңге инвестиция тартылып, 30 жаңа жұмыс орны құрылды.

Инвестициялық жобалардың ішінде – «Наурыз» ЖШС, «Байзаков Е» ЖК, «Абдукаримов» ЖК, «Наркулов» ЖК, «Лапиев» ЖК-да мал бордақылау алаңдары жаңадан құрылған болса, «Алтынсай» мен «Асыл-жұлдыз» шаруа қожалықтары мал бордақылау алаңдарын кеңейткен.

Өз кезегінде мал шаруашылығы саласында оң өсім байқалады. 2023 жылдың 6 айында ірі қара мал саны 67,3 мың бас, қой мен ешкі- 80,7 мың, жылқы 10,8 мың, құс 807,6 мың басқа жетіп, өнімділік 6 пайызға артқан. Нәтижесінде 4,5 мың тонна ет, 31,3 мың тонна сүт, 118,1 млн дана жұмыртқа өндірілген. Ал, мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 17,2 млрд. теңгені құрапты. Осы жетістікті әрі қарай дамыту үшін басқарма тарапынан биыл 16 млрд теңгені құрайтын 18 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Яғни, қалада биыл 2 жылыжай, 4 көкөніс қоймасы, бір құс фермасы мен мал бордақылау алаңы, 2 сүт ферма мен 1 жем өндіретін цех, 3 сүт өңдейтін жоба мен 3 көкөністі қайта өңдейтін кәсіпорын ашылмақ. Бүгінге дейін оның үшеуі ашылып, іске қосылған.

Айта кетейік, ет бағасының өсуі өндірістің немесе мал басының жетіспеушілігіне байланысты емес. Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығы өніміне және тауарлардың басқа түрлеріне бағаны кәсіпкерлер өндіріс, сақтау, тасымалдау кезінде жұмсаған шығындарды ескере отырып, сұраныс пен ұсыныс негізінде дербес белгілейтінін атап өту қажет. Сонымен қатар, бағаға сыртқы фактор – көрші елдер мен халықаралық нарықтардағы ұқсас өнімдер бағасының өзгеруі де әсер етеді.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады