jasqazaq.kz

Шымкент: Жоғары технологиялық медициналық көмек қарқынды дамып келеді

12 қараша 2025, 19:28

Шымкент қаласының №1 қалалық клиникалық ауруханасында 241-ші туыстық бүйрек ауыстыру операциясы сәтті жүргізілді. Дәрігерлер туған ағасының бүйрегін інісіне трансплантациялады.

Науқас 2024 жылдан бері созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен есепте болып, 2025 жылдан бастап гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Қажетті медициналық тексерулер мен заңды рәсімдер толық орындалып, 2025 жылғы 5 қарашада ота жасалды. Қазіргі уақытта донор мен реципиенттің жағдайы тұрақты, емдік шаралар бекітілген хаттамаға сай жүргізілуде.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі – қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек айтып өтті.

Бүйрек трансплантациясы – науқастың өмір сапасын жақсартып, қалыпты өмірге оралуына мүмкіндік беретін жоғары технологиялық ем. Бүгінге дейін Шымкентте 241 бүйрек және 33 бауыр алмастыру отасы жасалды, бұл өңірде трансплантологияның дамып, жоғары мамандандырылған медициналық көмектің жергілікті деңгейде қолжетімді екенін көрсетеді.
Ағымдағы жылдың алғашқы 10 айында қаладағы медициналық ұйымдарда 1 089 жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілді. Сондай-ақ, қалада 3 жүрек трансплантациясы табысты жүргізілген.

Сондай-ақ биылғы қыркүйек айында Шымкенттегі көпбейінді аурухананың онкологиялық орталығында елімізде алғаш рет күрделі операция – кеңірдек бифуркациясын резекциялау және жаңа бифуркация қалыптастыру сәтті орындалды. Операция 37 жастағы науқасқа жүргізілді. Бұл араласу торакальды онкохирургиядағы ең күрделі және жоғары деңгейлі операциялардың қатарына жатады және Қазақстанда бұрын мұндай тәжірибе жоқ болатын.

Осындай жоғары технологиялық оталарды енгізу мақсатында Шымкенттің онкохирургтары Ресей Федерациясының жетекші ғылыми және клиникалық орталықтарында, сондай-ақ Литва денсаулық ғылымдары университетінде (LSMU, Каунас университеттік клиникасы) арнайы тағылымдамадан өтіп, 33 медицина маманы біліктілігін арттырды.
Бұл жетістіктер Шымкенттің жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, мамандардың кәсіби деңгейін көтеру және күрделі хирургиялық араласуларды енгізу бағытындағы тұрақты дамуын айқын көрсетеді.

JQ-Aqparat

16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді