Шымкент: Жерді өз бетінше иемденуге жол жоқ

18 тамыз 2023, 18:43

Шымкентте 400-ге жуық жер учаскелері табылды. Прокуратураның мәліметінше, тұрғындар қажетті құжаттарсыз үйлерді салып үлгерген.Сот шешімі бойынша мұндай ғимараттар бұзылады. Бас жоспарға сәйкес, бұл учаскелерде жол, мектеп немесе балабақша болуы керек еді.

Қазір Шымкентте «Жерді өз бетінше иемденуге жол жоқ» жобасы жалғасуда. Жер учаскелері аэроғарыштық түсірілім арқылы бақыланады. Биыл прокурорлар жер алаяқтығының бірнеше фактілерін анықтады. Мемлекет меншігіндегі учаскелерді заңсыз сатқан бүкіл қылмыстық топтар ұсталды.

«Бұл – мемлекеттік меншіктегі жерді алаяқтық әрекеттер арқылы сатқан тұлғалар тобы. Қазір қылмыстық іс бойынша 18 факт тергелуде, онда 43 миллион теңгеден астам шығын анықталды», – деп мәлімдеді Шымкент қалалық прокурорының бірінші орынбасары Нұржан Сейдалиев.

Сонымен қатар, жуырда аукционсыз кәсіпкерлерге берілген 46 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Құны 3 миллиард теңге болатын 77 гектар жер телімін Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы көпқабатты үй тұрғызуға және емхана құрылысын жүргізу үшін үлестірген.

Заңсыз үлестірілген жер телімдері 2019-2021 жылдар аралығында көпқабатты тұрғын үй, мектеп және аурухана құрылысын жүргізу үшін кәсіпкерлерге берілген. Алайда Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жер телімін беру кезінде заңға қайшы әрекет жасап, үшінші тұлғаға жер телімін негізсіз үлестірген.

Ал, жер инспекциясы департаментінің тарапынан сот арқылы жарамсыз деп танылу мәселесі қаралған. Алғашқы сот отырысы да өткен. Шешім бойынша 77 гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылған. Қазіргі таңда аппеляциялық сот жүріп жатыр дейді жауаптылар.

«46 жер учаскесінің 44-сі көпқабатты тұрғын үйлерге арналған жерлер. Екеуі есхана салуға, 2-еуі мектеп салуға арналған. Кәсіпкерлік жерлер бар. Қазір 1-ші сатылы сотта қаралып болып, аппеляциялық сотта қаралып жатыр»,-деді Шымкент қаласы жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Әбдіразақов.

Айта өтейік, Шымкент қаласында тығыз құрылыс салуға жол бермеу мақсатында жеке меншікке заңсыз берілген жер учаскелерін мемлекет пайдасына қайтару бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.

Мерей Әлімбек

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз