jasqazaq.kz

Шымкент жастары арнайы экскурсияға шықты

20 қыркүйек 2022, 15:40

Аталған іс-шараның мақсаты — жастар арасында ұрпақтар сабақтастығы, салт-дәстүрді дәріптеу. Тарихи-мәдени орындармен жастарды таныстыру.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Өз еліңді танып біл» жобасы аясында тарихи-мәдени орында ерікті жастардың қатысуымен арнайы экскурсия жүргізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты — жастар арасында ұрпақтар сабақтастығы, салт-дәстүрді дәріптеу. Тарихи-мәдени орындармен жастарды таныстыру. Ерікті студенттерінің қатысуымен өткен шарада «Ескі-қалашықта» құнды жәдігерлер молынан жинақталған мұражай аймақтарымен және тарихи нысандармен танысты.

Сонымен қатар, «Visit Shymkent» орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында балаларға арналған 50 туристік экскурсия ұйымдастырылды. Оған жалпы саны 2 500 мектеп оқушысы қатысты.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімін 2022 жыл – Балалар жылы болып жарияланған болатын. Осы мақсатта, Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы қаланың түрлі тарихи-мәдени орындарына тегін саяхат жасауды қолға алды. «Балалар туризм апталығы» деп аталатын экскурсияға Шымкент қаласының ең танымал туристік орындары біріктірілген. Атап айтқанда: «Кең баба» этно-саябағы, жасөспірімдерге арналған қуыршақ театры, Ордабасы алаңы, «Shym Qala» тарихи-мәдени кешені, Тәуелсіздік саябағы, Даңқ мемориалы, Бейнелеу өнері музейі, Бәйдібек би монументі, облыстық тарихи-өлкетану музейі және Зообақ. Балалар жоғарыда аталған орындардың тарихымен кеңінен танысатын болады. Ол үшін орталықтың гид-экскурсоводтары балаларға құнды ақпараттарымен бөлісіп, бұл орындардың маңызына тоқталады.

Одан өзге, балаларға арналған танымдық ойындар ойнатылып, тәттілер беріледі. Жалпы, балалар туризмі — 7-15 жас аралығындағы балаларға арналған саяхаттар мен экскурсиялар, танымдық және рекреациялық балалар туры. Ол баланың жан-жақты өсіп жетілуіне, ақыл-парасат деңгейінің артуына, қоршаған ортаны қорғауға, өз-өзін көрсете алуына және тағы басқа да қабілеттерін арттыруға септігін тигізеді. Бүгінгі күнде «Балалар туризм апталығы» экскурсиясына 150-ден астам бала тіркеуден өткен.

Тоқтар Жақаш

16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ