jasqazaq.kz

Шымкент: Жастарға маусымдық жұмыстарға қатыса алады

25 шiлде, 20:15

Масылдыққа қарсы күрес балалар мен жастарды еңбекке үйретуден басталуы тиіс. Оқудан бос кезде баланың аз да болса жұмыс істеп, қалта ақшасын табуына ұмтылуын үйдегі ата-ана да, мектептегі ұстаздары да қолдаса, тіпті тамаша. Сонда жас өскін шынымен де еңбекпен тапқан нан тәтті екенін көкейге тоқып өседі. Жастайынан маңдай терін төгіп, құрыштай шыныққан бала есейген соң мемлекетке алақан жаятын патериналистік пиғылға салынбайтыны анық. Бірақ қазіргі жаз маусымында жастар жұмысты қайдан табады?

Шымкент қаласының жастары үшін жазғы мезгілде уақытты тиімді пайдалануға және қаланың көркеюіне үлес қосуға мүмкіндік беретін маусымдық жұмыс орындары ашылған. Бұл бастама «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Жоба шеңберінде қоғамдық жұмыстар, көгалдандыру, абаттандыру және қала аумағын таза әрі жайлы ету бағытындағы түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Жаз айларына жоспарланған  маусымдық жұмыстар Шымкент қаласының төрт ауданында жүргізіледі.

Жобаға қатысуға ниетті жастар өздерінің аудандық «Жастар ресурстық орталықтарына» немесе Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына хабарласа алады.

Айта кеткен жөн, бұл жоба жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып келеді. Биылғы маусымда Шымкент жастары қаланың төрт ауданында — Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аумақтарында түрлі қоғамдық жұмыстарға тартылатын болады. Жұмыс бағыттары – көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық тазалық, сондай-ақ қаланы көркейтуге бағытталған басқа да шаруалар. Қатысушыларға еңбекақы төленеді, сондай-ақ жастар еңбек тәжірибесін жинақтап, жаңа ортада байланыс орнатуға мүмкіндік алады. Бұл – еңбекке араласқысы келетін жастарға мол мүмкіндік екені сөзсіз.

Қалалық «Жастар ресурстық орталығының» мамандары: «Маусымдық жұмыс тек табыс табу құралы ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеу, қоғамға пайда әкелу, жауапкершілікті арттыру жолы. Жастар бос уақытын мәнді өткізіп, жаңа дағдыларды меңгереді, жаңа ортамен танысады. Бұл – болашақ маман ретінде қалыптасуға да оң әсер етеді», – дейді.   Жобаға қатысатын жастар үшін жұмыс кестесі мен уақытының ұзақтығы арнайы бекітілген талаптарға сай реттеледі. Қатысушылардың қауіпсіздігі мен жұмыс жағдайы да жіті бақылауда болатыны өз алдына.

Бұл бастама жастарды еңбекке баулып қана қоймай, шаһардың дамуына азаматтық үлес қосуға бағытталған.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Бүгін, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу