jasqazaq.kz

Шымкент: Жастардың жұмысшы мамандығына қызығушылығы артып келеді

19 қыркүйек 2025, 16:28

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды – Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Бұл шешім еліміздің экономикасы мен әлеуметтік әл-ауқатын арттыруда жұмысшы мамандықтарының маңызы зор екенін айқын көрсетеді. Ал осы саладағы жастардың белсенділігі – мемлекетіміздің жарқын болашағына деген сенімді күшейтеді. Жастарды жұмысшы мамандықтарына көптеп тарту бағытында үшінші мегаполисте бірқатар жұмыстар қолға алынған. Оның үстіне оқу бітірген жастарды жұмыспен қамту масылдыққа жол бермеудің бірден-бір тәсілі екенін айтқан жөн.

Бұл орайда Шымкент қаласы Еңбек мобильділігі орталығы тарапынан жастарды жұмыспен қамту бағытында «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламалары табысты жүзеге асырылып келеді. Жоғары немесе кәсіптік білім беру ұйымдарын енді ғана аяқтаған жас түлектер осы бағдарламалар аясында түрлі өндіріс орындары мен емдеу мекемелеріне жолданып, алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтауда.
Қалада жұмысшы мамандықтарының үлесін арттыруда мемлекеттік бағдарламалардың рөлі айрықша. Мәселен, биыл Шымкент жоғары медицина колледжін «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған жас түлек Нұрайым Оңғар — «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы алғашқы еңбек жолын бастаған мамандардың бірі.
Ол осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Рахат Стом» тіс емханасында мейірбике қызметіне жолданып, аз уақыт ішінде білікті тіс дәрігерлерінің сенімді көмекшісіне айналды.
Жас маман: «Оқу орнында алған медициналық білімімді пациенттердің ауыз қуысын емдеу ісінде тиімді қолдануға тырысып жүрмін. Тіс дәрігерлеріне қажетті құрал-жабдықтарды дайындап беремін. Сонымен қатар, емдеу, екпе жасау және пациенттермен жұмыс істеу бағытында алғашқы тәжірибемді жинақтап келемін», – дейді.
Орталық мәліметі бойынша, Шымкент қаласында жыл басынан бері:
«Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы – 1485 жас;
«Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы бойынша – 304 жас;
«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында – 10 жас жұмыспен қамтылды.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент Еңбек мобильділігі орталығы

Бүгін, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
Бүгін, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат