jasqazaq.kz

Шымкент жастар театры ерекше балаларға жаңа жыл шуағын сыйлады

23 желтоқсан 2025, 9:18

Жаңа жыл қарсаңында Шымкент жастар театры аутизммен ауыратын және ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған жүрекке жылу сыйлайтын қайырымдылық ертеңгілік өткізді. Мерекелік кешке Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Қамқорлық» оңалту орталығында тәрбиеленіп жатқан 100-ге жуық бала арнайы шақырылып, театр төрінде ұмытылмас әсерге бөленді.

Іс-шара Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес, қала әкімдігінің қолдауымен өтті. Кештің негізгі мақсаты – ерекше балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау ғана емес, олардың жүрегіне үміт ұялату, қоғамның қамқорлығы мен мейірімін сезіндіру.

Ертеңгілік барысында Шымкент жастар театрының шығармашылық ұжымы дайындаған «Ұрланған жаңа жыл» атты музыкалық ертегі қойылымы сахналанды. Аяз ата мен Ақшақар, сондай-ақ балалардың сүйікті кейіпкерлері – Чики, Чача, Бумбум, Ляля, Уэнсдей, Соник, Гринч сынды образдар кішкентай көрермендерді ертегі әлеміне жетеледі.

Интерактивті форматта өткен бағдарламада балалар ойын ойнап, би билеп, ән айтып, шынайы қуанышқа бөленді. Қойылым олардың қиялын қанаттандырып, шығармашылық белсенділігін арттыруға ықпал етті. Кеш соңында әр бала Аяз атадан жаңа жылдық сыйлық алып, жүздеріне шаттық ұялаған күйде тарқасты.

Шымкент жастар театрының директоры Расул Медетов іс-шара барысында:

«Ерекше балаларға қуаныш сыйлау – біздің жүрек қалауымыз әрі азаматтық міндетіміз. Театр – өнер ғана емес, ол мейірім мен үміттің, сенім мен жылулықтың ордасы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында инклюзивті қоғам қалыптастыруға айрықша мән беріп келеді. Осы бағытта Шымкент қаласы әкімдігінің басшылығы тарапынан көрсетіліп келе жатқан тұрақты қолдау үшін зор алғыс білдіреміз. Бірліктің арқасында осындай игі істер жүзеге асып отыр», – деді.

Қуаныш пен күлкіге толы бұл кеш балалардың жүрегінде ұзақ сақталары анық. Мұндай шаралар ерекше балалардың қоғамда өзін еркін сезінуіне, әлеуметтік ортаға бейімделуіне және олардың мүмкіндіктеріне сенім арттыруға жол ашады.

Шымкент жастар театры алдағы уақытта да қайырымдылық пен рухани құндылықтарды басты бағыт етіп, өнер арқылы қоғамға үміт пен мейірім сыйлауды жалғастыра береді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі 

20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму