jasqazaq.kz

Шымкент: «Жастар практикасы» бойынша 1500-ден астам жас жұмысқа тұрды

08 қазан 2025, 21:25

Қоғамда патерналистік көңіл-күйдің белең алуына жол бермеу үшін тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету күн тәртібінен түспеуі керек. Бұл орайда, әсіресе, жастарды жұмысқа орналастыру өзекті мәселе. Шымшаһарда бұл бағытта жүйелі түрде жұмыс жүргізіліп келеді.

Айталық, бүгінде Шымкентте жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары қарқынды жалғасуда. Бұл орайда мемлекеттік «Жастар практикасы» бағдарламасы өз жемісін беруде. Биыл үшінші мегаполисте 2 251 жасты «Жастар практикасы» арқылы жұмыспен қамту жоспарланған. Қазіргі таңда мемлекеттік қолдау шеңберінде 1 592 жас маманға жолдама берілді.
№5 колледжде тоқымашы-оператор мамандығын меңгеріп шыққан Асхат Құнанбай Enbek.kz порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелген болатын. Аудандық мансап орталығының жолдамасымен «Назар Текстиль» кілем тоқу фабрикасына «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасқан.
«Қазір фабрикада сүйікті мамандығым бойынша оператор болып жұмыс істеймін. Жұмысым өзіме ұнайды. Ұжымдағы жастардың көптігі қуантады. Фабрикада еңбеккерлерге тасымал қызметі мен ыстық тамақ қарастырылған. Жастарға мемлекеттік бағдарлама арқасында осындай мүмкіндік беріліп отырғаны бізді жігерлендіре түседі», – дейді Асхат Құнанбай.
«Жастар практикасы» бағдарламасымен қатар биыл Шымкентте «Алғашқы жұмыс орны» жобасы да жүзеге асырылуда. Осы бағытта 1 161 жасты қамту жоспарланса, бүгінде 330 жас маман алғашқы жұмыс орнына жолданған.
Бағдарламаларға қатысу үшін жастар Enbek.kz порталына жұмыссыз ретінде тіркеліп, аудандық мансап орталықтарынан мәлімет ала алады.
Еңбек мобильділігі орталығы қаладағы мансап орталықтарының қайда орналасқанын тағы да еске салуды жөн көреді. Олар:
*Абай ауданы – Арғынбеков көшесі, 243/3;
*Еңбекші ауданы – Астана шағынауданы, 106;
*Әл-Фараби ауданы – Байтұрсынов көшесі, 21;
*Қаратау ауданы – Бәйтереков көшесі, 89;
*Тұран ауданы – Қазыбек көшесі, 50.
JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Еңбек мобильділігі орталығы

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады