jasqazaq.kz

«Шымкент жастар лигасының» жаңа маусымы басталды

17 қыркүйек 2022, 20:02

Бүгін Шымкент қаласында «Шымкент жастар лигасы» атты спорттық жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі турнирде мектеп оқушылары спорттың 4 түрі бойынша бақ сынайды. Олар: шағын футбол, волейбол, баскетбол және шахмат.

Жарыстың ашылу салтанатында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов және турирдің демеушісі – ARG компаниясының өкілі Шолпан Мұратқызы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

–Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңына топтасқан халқымыз Әділетті Қазақстанды құру жолында аянбай еңбек етуде. Сол Әділетті Қазақстанның жарқын болашағы – бүгінгі жас ұрпақтың денсаулығы мен Отанына қалтқысыз қызмет етуіне байланысты екені белгілі. Осы тұрғыдан алғанда Шымкент жастар лигасы жастарды патриот, отансүйгіш, елжанды етіп тәрбиелеуге септігін тигізеді. Спорт денсаулықтың ғана кепілі емес, ол адамды табандылық пен күрескерлікке баули отырып, ерік-жігерін шыңдай түседі. Бүгінгі жарыста өз мектебінің абыройы мен беделі үшін күресетін жас жеткіншектер ертең ер жеткенде елінің намысын қорғайтын, Отанына адал қызмет ететін азамат болып өсетініне сенімдімін, – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Ашылу салтанатында «Шымкент жастар лигасының» өткен маусымдағы жеңімпаздары марапатталды. Атап айтқанда, өткен жылы шахмат бойынша — Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейдің, волейбол бойынша Әл-Фараби атындағы №113 мектептің, баскетбол бойынша — М.Х.Дулати атындағы мектеп-гиманзиясының, футбол бойынша — Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гиманзияның командалары лиганың чемпионы атанған болатын.

Бүгін аталған командалардың әрқайсысына су жаңа шағын автобустар табыс етілді. Осылайша «Шымкент жастар лигасының» жеңімпаз командалары өздерінің алтын ұя мектептеріне бағалы сыйлық жасап отыр.

Айта кетейік, «Шымкент жастар лигасы» бүкіл оқу жылы бойына жалғасып, 2023 жылғы мамыр айының соңында мәресіне жетеді. Оған 138 меектептен 6 мыңға жуық оқушы қатысып жатыр.

Тоқтар Жақаш

16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ