Шымкент: Жаңа форматтағы кітапхана ашылды

04 маусым, 15:57

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар – білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені. Электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайды» деген болатын. Дегенмен түрлі электрондық гаджеттер үстем болған бүгінгі заманда кітапханалардың жабылып қалмай, жұмыс істеуі – ғажап құбылыс.

Шымшаһар кітапханадан кенде емес. Қалада бес ірі кітапхана, отыздан астам филиал бар. Мегаполистегі ең ірі – «Әл-Фараби» ғылыми-әмбебап кітапханасы 2014 жылы қаңтар айында ашылған. Мұнда Фараби залы, планетарий, аудиозал, Шымкент қаласының 2200 жылдығына орай «Қайырымды қала» залдары ашылған. Оқу залы, шетел әдебиеті залы, абонемент және сирек кітаптар бөлімі жаңартылған мәдениет орнында бүгінде оқырмандарға 7 бөлім және 10 сектор қызмет көрсетеді. Жалпы кітап қоры – 419 554, электронды қор — 6 720.

Ал көзі көрмейтін және нашар көретін жандарға арналған арнайы кітапхана тікелей жұмысымен қоса, зағип жандардың бос уақытын тиімді пайдалануға арналған мәдениет орнына айналған. 2021 жылы жаңғыртылғаннан кейін мұндағы кітап қоры 144 мыңға, оқырман саны 20 000-ға жетті.

Сондай-ақ шаһарда көпшілік оқырманға Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі қызмет көрсетіп келеді. Абай атындағы қалалық орталық кітапхана мен 23 кітапхана бөлімшесінің жалпы қорында 547 мыңнан астам кітап бар.

Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі — мәдениет орны ғана емес, отбасымен бірге тиімді уақыт өткізуге және балалар демалысы үшін қолайлы жағдай жасалған, «үй үлгісіндегі» жаңа форматтағы кітапхана.
Енід, міне, осы рухани орталықтардың қатарына тағы бір кітапхана қосылды. Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында заманауи үлгідегі кітапхананың ашылу салтанаты өтті.

Кітапхананың ашылу салтанатына Шымкент қаласы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкілі Жаннета Жазықбаева, Шымкент қаласы білім басқармасының қамқоршылық пен қорғаншылық бөлімінің бас маманы Саят Исабеков және ардагер ұстаз Роза Байсариева қатысты.

Орталықта ашылған кітап сөресінде қазіргі таңда 1000-ға жуық кітап қоры жасақталып, Қазақстанның қорықтары мен ұлттық саябақтары бейнелеген заманауи үлгідегі карта ілінді. Кітапхана бірнеше бөлімдерден тұрады. Олар «Ұлтына ғұмырын арнаған Ұлы тұлғалар» , «Әлем әдебиеті», «Тарих тағлымы», «Ертегілер еліне саяхат», «Жаңа кітаптар галереясы», «Пайдалы кеңестер» және «Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт (психологиялық кеңестер)» бөлімі.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласының Білім басқармасы

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде