Шымкент: Заңсыз құрылыстар мәжбүрлі түрде бұзылады

28 тамыз 2023, 11:03

Жыл басынан бері Шымкентте заңсыз құрылыс нысандарын мәжбүрлеп бұзу бойынша 34 талап-арыз жолданды. Тиісті ережелерге сай салынбаған нысандар арасында автожуу бекеттері, дүкендер, қоғамдық тамақтану орындарының ғимараттары бар. Тексеру шаралары кезінде құрылыстың жобалық құжаттамасыз салынғаны, авторлық және техникалық қадағалаушыларсыз және құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғандығы туралы хабарламасыз жүргізілгені анықталған.

Жұмыс нәтижесінде 18 нысанға қатысты мәжбүрлеп бұзу туралы сот шешімі шығарылып, 9 талап –арыз сот шешімімен қанағаттандырусыз қалдырылса, 7-уі қазір сот органдарының қарауында. Бұдан бөлек, айыппұлға дейін құрылыс иелері 10 нысанды ез еркілерімен бұзған.

Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы мен аудан әкімдіктерінің хаттары негізінде 189 құрылыс объектісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Құқық бұзушыларға 103 510 075 теңгенің айыппұлы салынды.

Заңсыз құрылыс нысандары мегаполистің сәулеттік келбетін бұзып қана қоймай, жобалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалаушыларсыз жүргізілген құрылыс нысандары азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан да құрылыс салушыларды рұқсат құжаттарын алудан бастап, жұмыс жобасын дайындау, пайдалануға қабылдау актісіне дейінгі құрылыс процесіне қойылатын барлық талаптарды орындауға шақырамыз. Тиісті талаптар орындалмаған жағдайда Заң талаптарына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылып, сот органдарына мәжбүрлеп бұзуға талап-арыздар жолданатын болады.

Мамандар шаһар тұрғындары тарапынан арыз-шағым көбейгенін айтады. Себебі тұрғын үй кешендерінің маңында аяқ алып жүретін жер мен автокөліктердің тұрағына орын қалмаған. Сонымен қатар уәделі әлеуметтік нысандардың учаскесінде өзге де ғимараттар салынып, қоршауға алынған. Тексеріс нәтижесінде заңсыз салынған 31 нысанды сүру туралы шешім қабылданды.

«Қазір құрылыс нысандарын бұзу бойынша 31 материал сотқа жолданған. Оның 18-іне мәжбүрлеп бұзу туралы сот шешімі шыққан. Дәлірек айтқанда, 8 сот орындаушы палатасына жолданған. Яғни сот орындаушылармен бірге жұмыс атқаруға. Төртеуі сот шешіміне сәйкес бұзылды. Қазіргі таңда тағы төртеуі аппеляциялық сотта қаралуда», – деді қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Нұрдәулет Құрбанбекұлы.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз