Шымкент: Залалсыздандыру жұмыстары кестеге сай атқарылуда

31 шiлде 2023, 9:49

Шымкентте масаға қарсы дәрі бүрку жұмыстарының үшінші кезеңі жүзеге асырылуда. Жалпы, қалада мұндай залалсыздандыру жұмыстарының 4 кезеңі жоспарланған. Бұған қоса кеміргіштерге қарсы күрес те қатар жүргізілуде. Жауапты мамандар бұл жолы адамдар көп жүретін қоғамдық орындар, атап айтқанда дендросаябақ пен «Қасірет» мемориалы аумағында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Мұндағы жолдардың бойына арнайы техникамен дәрі бүркілді.

Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бұл дәрі тек масаға әсер етеді, адамдар мен құстарға зиянды әсері жоқ.

– Қаламызда биыл кезекті рет қолға алынған масаға қарсы дәрілеу жұмыстарына сәйкес, жалпы аумағы 4 млн шаршы метрге жуық жерді өңдеуден өткізу жоспарланған. Оның ішінде 1,3 млн шаршы метр – өзен-каналдар аумағы, 2,3 млн шаршы метр – саябақтар аумағы, ал қалған 855 мың шаршы метр – гүлзарлар мен аллеялар аумағы. Залалсыздандыру жұмыстары жаз бойы жүргізіледі. Саябақтар мен гүлзарлардағы тиісті жұмысты – бір мекеме, ал өзен-каналдар аумағында екінші мекеме жүргізеді, – деді Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров.

Мамандардың айтуынша, бұған қоса, қала аумағындағы кеміргіштерге қарсы улау және ауыл шаруашылығы жануарларының энзоотиялық ауруларына қарсы жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде жылқы мен шошқаға дәрі бүркілсе, уақ мал арнайы сұйықтыққа тоғытылады, қора-жайлар мен буферлік аумақтарға дәрі бүркіледі.

Қала аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ауыл шаруашылығы жануарларының энзоотиялық ауруларының алдын алу, жануарларды, үй-жайлар және өзге де аумақтарды жәндіктерден қорғау мақсатында залалсыздандыру жұмыстары да жүріп жатыр. Қазіргі таңда саябақтардың 589 150 шақырымы, гүлзар мен аллеялардың 142 670 шақырымы, 430 000 шақырым өзен-каналдың аумақтары масаға қарсы залалсыздандырылды.

Сонымен қатар, мамандар 136 800 шақырым өзен-канал аумағы кеміргіштерге қарсы, 434 536 шақырым қоражай мен оларға жапсарлас аумақтарды кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бұл жұмыстарға 6 автокөлік (бүркуіш аппараттарымен), 6 бригада жұмылдырды. Атап айтқанда, биыл кеміргіштерге қарсы жылдың көктем және күз мезгілдерінде 37 өзен-канал, 11 саябақ, 38 гүлзар мен аллеяларды дезинсекциялау жоспарда тұр.

Мерей Әлімбек

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады