Шымкент: Үш шағынауданға ауыз су желісі тартылып жатыр

31 тамыз 2023, 21:57

Шымкент қаласында шағын аудандарды таза ауыз сумен қамту жұмыстары жалғасын табуда. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, қазіргі таңда қала бойынша 81 елді мекеннің 78-і (1084,9 мың тұрғын) таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендері таза ауыз суды бекітілген кестемен тұтынып отыр.

Сондықтан Шымкент қаласын сапалы ауыз сумен түгел қамту мақсатында қазір алты нысанда, атап айтсақ, Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумағындағы таза ауыз су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларында «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін елімізде таза ауызсу мәселесін шешуді тапсырғаны белгілі. Яғни, алдағы үш жылда қалалар 100 пайыз, елдімекендер 80 пайызға дейін таза ауызсумен қамтылуы тиіс. Жолдауда айтылған «Ақбұлақ» бағдарламасы да шаһарымызда өз шешімін тауып, кезең-кезеңмен іске асырылуда. Қазіргі таңда таза ауыз сумен қамтылған қалаға қарасты елдімекендер саны едәуір артқан. Су – тіршілік көзі. Қоғамдағы барлық тіршілік салалары үшін су ресурстарының маңыздылығын айтып жатудың өзі артық. Елімізде осыдан 12 жыл бұрын басталған «Ақбұлақ» бағдарламасы соңғы үш-төрт жылдың көлемінде қарқын алғаны белгілі. Ол «Өңірлерді дамыту», «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламалары және «Ауыл – ел бесігі» жобалары аясында жүзеге асырылуда, — дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Қала әкімі аталған құрылыс нысандарын аралау барысында Сайрам тұрғын алабына тоқталды. Мұнда жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Мұрат Дүйсенбекұлы атқарылған жұмыстарға шолу жасап, әрі қарайғы құрылыс кезеңдерін де сапалы орындауды тапсырды. Жалпы «Сайрам» тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 3 кезеңнен тұратын жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген, Атап айтқанда, жобалаушы мекеме «Батыс Алға LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан 1 және 2 кезеңнің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған.

Бүгінгі таңда онда «Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстарын бастап кеткен. Қалған 3 кезеңге жобалаушы мекеме «Redline Pro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан жобалау- сметалық құжаттамасы да әзірленген. Қазір «Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан құрысылыс жұмыстары жүргізілуде.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз