jasqazaq.kz

Шымкент: Тұрмыстық газды қауіпсіз пайдалану шаралары түсіндірілуде

15 қазан, 19:35

Биылғы жылы қала аумағында тіркелген газдан улану фактілеріне талдау жүргізіліп, қалалық прокуратурамен бірлескен түрде нақты жұмыс алгоритмі әзірленді. Нәтижесінде жапырақты диаграмма негізінде қызыл аймақтар мен тәуекел аймақтары анықталып, сол аумақтарда мақсатты профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз жиынында Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек айтты.

Газдан улану жағдайларын болдырмау және алдын алу мақсатында Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына қарасты «Шымкент қалалық газ техникалық қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүйелі түрде түсіндіру іс-шараларын атқарып келеді.

Алгоритмге сәйкес, қызыл аймаққа кіретін «Самал-3», «Ақжайық», «Нұрсәт», «Күншығыс», «Қайтпас», «8 шағын аудан» және «Спорт» шағын аудандарында, сондай-ақ тәуекел аймағына жатқызылған «Самал-1, 2», «11 шағын аудан», «Сайрам», «17 шағын аудан», «Көксай», «Қызылжар», «112 орам», «5 шағын аудан» және «Қарасу» аумақтарында профилактикалық жұмыстар атқарылды.

Мекеме мамандары тұрғындарға газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы жадынамалар таратты. Сонымен қатар, үй ішілік газ құрылғылары техникалық талаптарға сәйкес келмейтін 2025 абонент анықталып, бұл жөнінде тиісті шара қабылдау үшін «QAZAQGAZ AIMAQ» ШӨФ-ке мәлімет жолданды.

Қауіпсіздік мақсатында газ жабдығы толық қалпына келтірілгенге дейін 230 үй уақытша газ жүйесінен ажыратылды, ал 1 795 үй бойынша жұмыс жалғасуда.

Газ техникалық қызметінің тексерісі барысында адам өміріне тікелей қауіп төндіретін ақауы бар 810 абонент анықталып, кемшіліктер жойылғанға дейін олардың газ жүйелері уақытша ажыратылды.

Бұдан бөлек, газ тұтыну жүйелерін пайдалану ережелерін бұзған азаматтарға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды. Атап айтқанда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 306-бабының 1-бөлігіне сәйкес 73 тұлғаға жалпы сомасы 1 030 184 теңге айыппұл салынды. Ал 305-бап бойынша 11 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы 304 730 теңге айыппұл өндірілді.

Қалалық газ техникалық қызметі тұрғындарды тұрмыстық газ жабдықтарын уақтылы тексертіп, қауіпсіз пайдалану ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Бұл – адам өмірін қорғаудың және тұрмыстық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты кепілі.

JQ-Aqparat

Сурет:

 

31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу
29 қазан, 12:25
Суомимен стратегиялық деңгейдегі серіктестік