jasqazaq.kz

Шымкент тұрғындарына сақтық шараларын күшейту ескертілді

08 қазан 2025, 19:45

Өткен аптада Шымкент қаласында қылмыстық қудалау органдары 152 қылмыстық істі тіркеді. Олардың басым бөлігі — алаяқтық (49 іс), ұрлық (30 іс), есірткі заттарының заңсыз айналымына (15 іс) және жол-көлік оқиғаларына (7 іс) қатысты деректер. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек айтып өтті.
Қалада интернет арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстары жиілеген. Соның ішінде 14 іс онлайн сауда және жалған қызметкерлердің атынан қоңырау шалу тәсілімен жасалған. Мәселен, «К» есімді тұрғынға өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адам «сіздің атыңызға заңсыз несие рәсімделіп жатыр» деген сылтаумен сеніміне кіріп, 2 миллион 312 мың теңгесін иемденіп кеткен. Қазір бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Мұндай жағдайлар жиілеп келе жатқандықтан, құқық қорғау органдары қала тұрғындарын аса сақ болуға шақырады. Кез келген ақпараттың шынайылығына көз жеткізбей, қаржылық шешім қабылдамау ұсынылады.
Сондай-ақ интернеттегі есірткі саудасы да қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Өткен аптада «М» есімді азамат өз шотына белгісіз тұлғадан 100 мың теңге түскенін айтып, оны кері қайтарған, ал сыйақы ретінде 10 мың теңге алған. Кейін белгілі болғандай, бұл қаражат есірткі сатумен айналысқан тұлғалар арқылы жіберілген. Осыған байланысты полиция тұрғындарға өз банк карталарын бөгде адамдарға пайдалануға бермеуді және күдікті ұсыныстардан бас тартуды ескертеді.
Ұрлық деректері де тыйылар емес. 5 қазан күні көпқабатты үй ауласында тұрған мопед ұрланып, иесіне 250 мың теңге көлемінде шығын келтірілген. Сондай-ақ мешітке намазға келген азаматтың ұялы телефоны қолды болған.
Полиция тұрғындарға жеке мүліктерін қараусыз қалдырмауды, қоғамдық орындарда абай болуды және бөтен адамдарға сенбеуді ескертеді.
JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді