jasqazaq.kz

Шымкент: Тұрғындарға газдан уланудың алдын алу туралы үгіт-насихат жүргізілді

20 қыркүйек 2022, 16:32

Профилактикалық түсіндіру жұмыстары барысында ҚР газ және газбен жабдықтау заңы түсіндірілді.

Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ресурстық орталығының және Абай аудандық Төтенше жағдайлар департаментің ұйымдастыруымен «Қала тұрғындарының улы газдан уланудың алдын алу» бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты — тұрғындарға газдан уланудың алдын алу, дұрыс пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Қала тұрғындарының денсаулығының қауіпсіздігі және газға деген жауапкершілігін арттыру.

Профилактикалық түсіндіру жұмыстары барысында ҚР газ және газбен жабдықтау заңы түсіндірілді.

– 19 бабының 1-тармағына сәйкес, газ тұтыну жүйелерінің және газ жабдығының иелері олардың тиісті техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті;
– 19 бабының 5-тармағына сәйкес, коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар газ тұтыну жүйелеріне газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасаспай, оларды пайдалануға тыйым салынады.

Айта кетейік, Шымкент қаласында болып жатқан барлық төтенше жағдайлардың 86%-ы өрттің салдарынан болған. Қауіп жылыту кезеңі қарсаңында күрделене түсуде. Жалпы Шымкент қаласының 83% газбен жабдықталған. Бұл ретте халықтың улы және табиғи газбен улануымен байланысты жазатайым оқиғалардың ықтималдығы жоғары.

Өткен жылу беру маусымында тұрғын үйлерде 56 өрт тіркелген, материалдық шығын 86 млн. теңгені құрады. Табиғи газбен улану бойынша 4 жағдай тіркелді, нәтижесінде 3 адам қайтыс болып, 1 адам жарақат алған.

Алдағы жылыту маусымында қауіпсіздік шараларын барынша сақтап, қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін қала әкімі Мұрат Әйтенов құзырлы мекемелерге тиісті тапсырмалар жүктеді. “2022-2023 жылдардағы жылу беру кезеңінде тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу” іс-шаралар жоспары бекітіліп, орындалуы бақылауға алынды.

Тоқтар Жақаш

16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ