jasqazaq.kz

Шымкент: Тұрғындардың әлеуметтік мәселелері шешімін табады

23 қазан 2025, 12:47

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының «Құқықтық көмек» жобасы аясында қала әкімінің орынбасары Арман Сәбитов азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға А.Сәбитов жетекшілік ететін басқармалардың басшылары мен жауапты мамандар қатысты.

Бұл қоғамдық қабылдаудың басты мақсаты — тұрғындардың күнделікті өмірде туындаған әлеуметтік, тұрмыстық және құқықтық мәселелерін тыңдап, нақты шешу жолдарын қарастыру.

Қабылдау барысында азаматтар тарапынан денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, мүгедектік тобына шығу, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алу және тұрмыстық жағдайды жақсарту мәселелері көтерілді.

Әрбір өтініш жеке қаралып, сала мамандары мен жауапты органдар өкілдері тарапынан кеңес берілді. Мәселелердің бір бөлігі сол сәтте шешімін тапса, қалғандары бақылауға алынып, тиісті мекемелерге жолданды.

Барлық өтініштер бойынша тиісті басқарма басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, азаматтарға заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева азаматтарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен шағымдарын тыңдады.

Қабылдау «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» жобасы аясында қала тұрғындары үшін өтті.

Кездесу кезінде тұрғындар әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, инватакси қызметін пайдалану, санаторийге жолдама алу, отбасылық және тұрғын үй мәселелеріне қатысты сауалдарын жолдады.

Барлық өтініштер мұқият зерделеніп, тиісті заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көптеген өтініштер бойынша нақты шешімдер қабылданып, оң нәтижеге қол жеткізілді. Мысалы, көпбалалы аналарға әлеуметтік қолдау алу тәртібі түсіндіріліп, зейнеткерлерге арналған көмек түрлері жайлы толық ақпарат берілді.

Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандардың инватакси және гигиеналық құралдармен қамтылуы бойынша мәселелер шешімін тапты.

 

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Еңбек мобильділігі орталығы

 

 

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді