jasqazaq.kz

Шымкент: Тұрғындар қаланы дамытуға QR-код арқылы ұсыныс айта алады

12 қараша, 19:26

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек жуырда іске қосылған жаңа жоба туралы мәлімет берді.

Бұл — шаһар тұрғындардың пікірін тікелей ескеруге бағытталған жаңа жоба. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің бастамасымен қолға алынған «Шымкентті дамытуға халықтың үлесі» жобасы енді әрбір тұрғынға қаланың дамуына қатысты өз ойы мен ұсынысын оңай әрі жылдам жеткізуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен кездесуі мен шаһарды аралауы кезінде көптеген ұсыныстар айтылып келген болса, енді бұл пікірлер арнайы жүйе арқылы қабылданады. Алдағы уақытта қоғамдық орындар мен автобустарда QR-кодтар орнатылып, сол арқылы тұрғындар қаланы көркейтуге арналған идеяларын жолдай алады.
Әкім Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, бұл бастама — әрбір азаматқа Шымкенттің дамуына өз үлесін қосып, оң өзгерістердің бір бөлігі болуға мүмкіндік береді. Түскен ұсыныстардың барлығы мұқият сараланып, ең өзекті әрі пайдалы бастамалар нақты жүзеге асырылмақ.
Жоба — әкімдік пен халық арасындағы ашық диалогты нығайтуға, сондай-ақ ортақ күш біріктіре отырып, қаланың өркендеуіне үлес қосуға бағытталған маңызды қадам.
Сондай-ақ осы брифингте Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған «Әкеге хат» жобасы сәтті жүзеге асырылғаны да сөз болды.
Бұл жобаның басты мақсаты – әке мен бала арасындағы сүйіспеншілік пен сенімді нығайту, әкеге деген құрмет пен ізетті арттыру. Сонымен қатар, бұл бастама балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, өз сезімдері мен ойларын еркін әрі әсерлі жеткізуге мүмкіндік берді.
Байқауға ауданның 8–11 сынып оқушылары арасынан 108 жас қатысып, өз әкелеріне арналған жүрекжарды хаттарын шығармашылық тұрғыда ұсынды. Олардың әр туындысы әкенің отбасындағы рөлін, еңбегі мен қамқорлығын бағалауға, алғыс пен ризашылық сезімін оятуға арналды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды: Бас жүлде – ноутбук пен 100 000 теңге, І орын – планшет, ІІ орын – ұялы телефон, ІІІ орын – телевизор. Сонымен қатар, белсенді қатысқан 10 оқушыға ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Аталған шараға «Ізгілікте жарысайық» қоғамдық қайырымдылық қоры қолдау көрсетті. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта осы авторлық жобаның «Анаға хат» нұсқасын ауқымды форматта жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
«Әкеге хат» – ұлт болашағы саналатын жастардың бойына отбасылық құндылықтарды сіңіріп, ізгілік пен құрмет рухын қалыптастыруға бағытталған тағылымды бастама болды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 11:14
"Таза Қазақстан": Алматыда экологиялық жұмыстардың аралық қорытындысы шығарылды
26 қараша, 18:40
Алматыдағы зообақты кең көлемде жаңғырту жоспарланып отыр
26 қараша, 14:07
Алматыдағы ауыз су сапасы барлық санитарлық талаптарға сай
25 қараша, 18:30
«Таза Қазақстан»: Алматының Жетісу ауданында Сейфуллин–Жансүгіров жолайырығын көгалдандыру жалғасып жатыр
18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті