jasqazaq.kz

Шымкент: Тынысы тарылмайтын қала

19 маусым 2024, 14:59

Еліміздің экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барып, қала тұрғындарымен, ҮЕҰ және қоғам өкілдерімен кездесті. Басқосу М.Әуезов атындағы ОҚУ-да өтті. Министр тұрғындар тарапынан айтылған өзекті мәселелерді тыңдап, сауалдарға жауап берді. Мемлекет басшысының елді мекендерге ағаш отырғызу тапсырмасын орындау мақсатында былтыр қалада 200 мың ағаш отырғызылса, биыл 121 мың түп тал егу жоспарланған. Вице-министр шаһарда экологиялық ахуалды жақсартуға арналған шараларға оң баға берді.

Жиында тұрғындар бұрынғы фосфор зауытының қалдықтарын залалсыздандыру, карьерлердің жұмысын қадағалау, өндіріс орындарынан шығатын қалдықтар туралы ойларын жеткізіп, өз ұсыныстарын айтты.

Нұркен Шәрбиев: «Қаланың экологиялық проблемаларын кешенді шешу Жол картасында 29 іс-шара көзделген. Оның 12-сі орындалды. 6 шара ұзақ мерзімге арналған. Шаһар экологиясын жақсартуда жыл басынан бері 65 мың түп көшет отырғызылды. Жасыл екпелерді түгендеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жергілікті халықтың мүддесін қорғайтын шешімдер қабылдау кезінде азаматтардың пікірін ескеру маңызды. Бүгін айтылған мәселелер толық зерделеніп, тиісті шешімдер қабылданады», – деді.

Қалада жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында магистральды көшелердегі жасыл екпелерді түгендеу жұмыстары жүргізілген еді. Басқарма жасыл екпелердің санын, жай-күйін анықтайтын автоматтандырылған жүйе әзірледі. Инвесторлар есебінен жүзеге асырылған ақпараттық жүйе арқылы екпелердің түрі, диаметрі, биіктігі, жай-күйі зерделенеді. Осы арқылы 2022, 2023, 2024 жылдардағы ағаштардың тізбесі көрінеді.

2023 жылғы наурызда Шымкент қаласы үшін «Жол картасы» қайта бекітілген еді. Өтініштерді талдау негізінде халықтың Қошқарата, Қарасу өзендерінің нөсер суларымен ластануы, сондай-ақ өзендердің күзет аймақтарында тығыз құрылыс салу мәселесі толғандыратынын көрсетті.

Сонымен қатар, қаланың кейбір шағын аудандарында жеке үй құрылыстарында орталық кәріз жүйесінің болмауына байланысты тұрмыстық ағынды сулар жер асты және жер үсті суларын ластайтын шұңқырларға төгіледі. Осыған байланысты, шалғай аудандарда кәріз жүйесін салу зерделеуді қажет етеді.

Қазір Шымкент қаласы бойынша халықты қоқыс жинау және тасымалдау қызметтерімен қамту 98 пайызды құрайды. Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған 1 полигон бар. Бұл полигон экологиялық және санитарлық талаптар мен нормаларға сай. Н.Шәрбиев ғарыш мониторингі аясында қала аумағында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жоқ екенін атап өтті.

Шымкент сапарында экология және табиғи ресурстар вице-министрі жұмыс сапары аясында бірқатар нысандарды аралап, азаматтарды жеке қабылдады.

JQ-Aqparat

Суреттер: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?