jasqazaq.kz

Шымкент: Туристерге арналған QR-код және Хазар мұнарасын жаңғырту

19 қараша 2025, 17:00

Еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласына келетін туритер саны жыл өткен сайын артып келеді. Олардың қалада өздерін қолайлы сезініп, көрікті орындарды еш кедергісіз аралауы үшін барлық жағдай жасалады.

Соның бірі — Шымкент қаласында туристік инфрақұрылымды дамыту аясында жаңа QR-қызметтің іске қосылуы. Енді қалаға келген қонақтар арнайы QR-кодты сканерлеп, онлайн форманы толтыру арқылы туристік бағыттар, қызметтер мен сапарға қажетті ақпаратты оңай ала алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент әкімдігінің ресми өкілі – қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек айтып өтты.

Аталмыш жүйе туристердің қауіпсіздігін арттырады және қажет жағдайда туристік полициямен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Толтырылған ақпарат автоматты түрде жауапты органдарға жіберіледі, бұл туристерге ыңғайлы әрі сенімді қызмет ұсынады.

Сондай-ақ баспасөз жиынында Шымшаһардағы тарихи ескерткіш – Хызыр мұнарасына жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқаны сөз етілді.
Сайрам тұрғын алабында орналасқан Хызыр мұнарасы – Х–ХІ ғасырларға жататын, еліміздің тарихи-мәдени мұрасы болып табылатын көне ескерткіш. Мұнара 10–12 метр биіктікте күйдірілген кірпіштен тұрғызылған және қорғандық әрі діни мақсатта пайдаланылған.
Қазіргі уақытта «Сайрам – Туризм» туристік агенттігінің бастамасымен мұнара аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ескі жол аяқтар жаңартылып, аумақ көгалдандырылуда, жарық шамдары мен демалыс орындары орнатылуда.
Бұл шаралар тарихи нысанды сақтап, туристерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Сонымен қатар, аталған аумақта туризмді дамытуға жаңа цифрлық шешімдер енгізу жоспарланып отыр.

Хызыр мұнарасы – Шымкенттің мәдени мұрасын дәріптеп, қалаға туристік тартымдылық қосатын маңызды нысан болып қала береді.

JQ-Aqparat

22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)