Шымкент: Цифрлық технология сапалы әрі қауіпсіз жол жүйесін қамтамасыз етеді

24 сәуiр, 14:44

Шымқалада цифрландыру технологиясының озық үлгілерін көлік саласында қолдану қарқынмен жүріп жатыр. Осы мақсатпен орнатылған «ақылды бағдаршамның» жол қозғалысын реттеуде тиімділігі зор. Бұл жүйе жол бойында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және кептелісті азайтуға септігін тигізеді. Айта кеткен жөн, мұндай бағдаршамдар қолайсыз ауа райы немесе электр қуаты үзілген сәтте де тәулік бойы жұмыс істей береді.

Шымкент қаласы Өңірлік коммуникация қызметі хабарлағандай, мегаполисте 190 бағдаршам нысанында осындай интелектуалды көлік жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Көлік өткізу қабілетін арттырып, жүргіншілерді ұзақ күттірмейтін цифрлық технологияның арқасында 2026 жылға қарай шаһардағы бағдаршамдар толығымен интелектуалды көлік жүйесіне (ITS) қосылады.

Халық саны өсіп, көлік көбейген қалада жол инфрақұрлымының замануи талаптарға сай болуы, көшелердің сапалы әрі қозғалысқа ыңғайлы болуы маңызды. Қала әкімдігі бұл бағытта бірқатар шараны қолға алған. Атап айтқанда, 10 көшеде жол бөліктерінің қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатымен қайта өңдеу тәсілі қолданылып, 8 даңғылда микросюрфейсинг технологиясы енгізіледі. Жол қабатын минералдық қоспа арқылы өңдейтін осы микросюрфейсинг технологиясының бірқатар артықшылақтары бар: су сіңірмейді, жол сораптарын болдырмайды. Сондай-ақ, жолдың пішінін түзеп, автокөлік қозғалысы кезінде шуылды азайтады. Тағы бір тиімді тұсы – мұндай жол жабындысы көлікті ауыр салмағына төзімді әрі 5 жыл бойы жөндеуге мүмкіндік береді.

Бұған қоса, шаһардағы жолдарда «қалқымалы» қақпақтар орнату жоспарланып отыр. Бұл көлік көп жүретін көшелерде кәріз қақпақтарының жарамсыз болып қалуына жол бермейді.

Ірі мегаполисте замануи инфрақұрылымның негізгі белгілерінің бірі сапалы жол екені мәлім. Шымқалада автожолдар мен жаяу жүргіншіге арналған тротуарларды күтіп ұстау, жаңғырту бойынша ағымдағы жұмыстар атқарылып жатыр. Сонымен қатар, жол белгілері мен бағдаршам орнату мәселесі де жоспарға сай жүзеге асырылып жатыр. Осы мақсатпен биылғы жылдың соңына дейін қосымша 4 мың жол белгісі мен 39 бағдаршам орнатылады.

Шаһарда қолға алынған маңызды шаралардың бірі – аялдамаларды жаңартау жұмыстары. Қазіргі таңда мегополисте 1886 аялдама бар. Бұлардың 500-і жаңа аялдама. Сондай-ақ, жол бойындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жаяу жүргіншілер өткелдерін салу көзделіп отыр. Жоспарға сәйкес, 10 мектеп ғимараты маңында трапеция пішіндес жаяу жүргінші өткелдері орнатылып, білім ордалары мен балабақшалар қасында ұзындығы 1500 метр жасанды жол белгілері қойылады.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
Бүгін, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
Бүгін, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды