Шымкент: «Taza onim» жылыжай кешенінің аумағы кеңейіп, өнімі артып келеді

31 шiлде 2023, 11:15

Қазір қала аумағында 209 гектар жылыжай кешені бар, оның 71 гектары өнеркәсіптік жылыжайларға тиесілі. Бұл кешендерде жылына шамамен 17 мың тоннадан астам қызанақ, қияр және басқа да көкөніс түрлері өндіріліп, ішкі және сыртқы нарыққа сатылуда.

Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде жылыжай шығынының 25 пайызы мемлекеттен төленеді. Одан бөлек төмен пайызды несиелеу бағдарламасы да кәсіпкерлерге қолдау болып отыр. Сондай-ақ жылыжайға қажетті тыңайтқыштар мен тұқымдарына да субсидия қарастырылған. Еске сала кетейік, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бекітілген инвестициялық субсидиялау бағдарламасы арқылы салынып жатқан жылыжай шығынының 25 пайызын мемлекет өтейді. Одан бөлек, «КазАгро» корпорациясының төмен пайызды несиелеу бағдарламасы да кәсіпкерлерге жақсы демеу болып отыр. Жылдан-жылға халық саны өсіп отырған Шымкент қаласында егістік алқаптар қысқарып келеді. Сала мамандары алдағы уақытта жылыжай кешенімен бірге мал шаруашылығына басымдық беріледі дегенді алға тартады.

Шымкент қаласында жылыжай саласында ірі жобалардың бірі «Taza onim» жылыжай кешені. Аумағы 3 гектарды құрайтын жылыжай 2018 жылы іске қосылған болатын. Алғашында жылыжайда 1,5 тоннадан астам қиыр мен қызанақ жиналатын еді. Заманауи қондырғылармен жабдықталған жылыжайда жылытудан бастап тамшылатып суаруға дейінгі барлық процесс тек автоматтандырылған жүйеде атқарылады.

Жылыжай кешені 2020 жылы 6 гектарға кеңейтіліп, 1 200 тонна қызанақ және 520 тонна қияр өнімдері жинала бастады. Қазір мұнда 100 адам тұрақты жаңа жұмыс орнымен қамтылған. Жобаға 2,5 млрд теңге инвестиция тартылған.

Аталған жоба тек қаламыздың көкөніс өндірудегі экспорттық әлеуетін арттырып қана қоймай, республика көлемінде өзіндік үлеске ие. «Taza onim» жылыжай кешенінің иесі, Аршат Ахметжановтың сөзінше биыл жылы жылыжай көлемін қосымша 4,3 гектарға арттыру жоспарланған. Кәсіпкер жиналатын өнім көлемін 5 000 тонна жеткізіп, басым бөлігін экспортқа шығаруды көздеп отыр.

Айта кетейік, бұл жерде өсірілетін көкөністер тек экологиялық таза өнімдерден құралады. Оларды өсіруде қолданылатын технология су мен тыңайтқыштарды және басқа да ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Мерей Әлімбек

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады