jasqazaq.kz

Шымкент: «Таза Қазақстан» акциясы аясында бір күнде 172 тонна қоқыс шығарылды

23 тамыз, 17:18

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шымкент қаласында сенбілік жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Бұл іс-шараға мемлекеттік қызметкерлер, ерікті жастар мен жергілікті тұрғындар белсенді қатысып, аумақты қоқыстан тазартуға үлес қосып жүр. Қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және экологиялық жауапкершілікті арттыру мақсатын көздейтін бұл бастама қоғамның ортақ игілігіне бағытталған маңызды қадам екені сөзсіз.

23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Бұл экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника жұмылдырылды. Соның нәтижесінде қала аумағынан 172 тонна қоқыс шығарылды.

Шаһардағы аудандардың көрсеткіштері төмендегідей.
• Абай ауданы — 445 адам, 16 техника, 28 тонна;
• Әл-Фараби ауданы — 499 адам, 30 техника, 41,7 тонна;
• Еңбекші ауданы — 1532 адам, 33 техника, 15,7 тонна;
• Қаратау ауданы — 704 адам, 25 техника, 42,1 тонна;
• Тұран ауданы — 575 адам, 32 техника, 44,5 тонна.

Сенбілікке білек сыбанып кіріскендер көшелер мен аулаларды қоқыстан тазалап, қураған ағаштар мен бұталарды кесті, Шөп шауып, ағаштарды әктеді, Сондай-ақ абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

Шымкент қаласының тұрғындары бұл акцияға қатысу қала тазалығына қосқан үлес қана емес, сонымен бірге бірлікті сезінудің мүмкіндігі болғанын айтады.
«Біз отбасымызбен келдік, балаларымызға тазалық әрқайсымыздан басталатынын көрсеткіміз келді», — деді Қаратау ауданының тұрғыны.
«Студенттермен, дәрігерлермен, мұғалімдермен және көршілерімізбен қатар жұмыс істегенде, бұл ортақ істің бізді біріктіретінін түсінесің», — деп қосты сенбілікке қатысушы.

«Таза Қазақстан» акциясы 2029 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі Шымкенттің кешенді жоспарының бір бөлігі болып табылады. Оның мақсаты — қаланың тазалығын сақтау, экологиялық жағдайды жақсарту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласының әкімдігі 

31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу
29 қазан, 12:25
Суомимен стратегиялық деңгейдегі серіктестік