jasqazaq.kz

Шымкентте «Таза қала» жалпықалалық сенбілік өтті

17 тамыз 2025, 14:10

Жасыл желек пен қызылды-жасылды гүлге оранған Шымшаһардың әсем келбетіне қоса, ел ішінде «ең таза қала» атануы бекер емес. Тазалық мәселесіне айрықша мән берілетін үшінші мегаполисте сенбілік жиі өткізіледі. Сондай тазарту акциясының бірі 16 тамыз күні өтті. Шымкент қаласының аумағында «Таза қала» атауымен жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Аталған іс-шара санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қаланы абаттандыру мақсатында өткізілді.

Сенбілікке қала әкімдігінің басқармалары мен құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, аудан әкімдіктерінің мамандары, коммуналдық қызмет өкілдері, еріктілер мен қала тұрғындары қатысты. Шара барысында аулалар мен көшелер, саябақтар мен өзендер маңы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, қураған ағаштар мен бұтақтар кесілді, шөп шабу және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Қаратау ауданы аумағында 440 қызметкер мен 25 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 46,9 тонна қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстарға 240 адам мен коммуналдық қызмет жұмысшылары тартылды.

Еңбекші ауданындағы тазалық жұмыстарына 400-ден астам адам мен 33 техника қатысып, кең көлемді санитарлық жұмыстар жүзеге асырылды. Ал Абай ауданында 500-ге жуық адам мен 15 техника жұмылдырылып, қураған бұтақтарды кесу, шөп шабу, көшелерді тазалау жұмыстары ұйымдастырылды.

Аталған шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл бастама қала тұрғындарының санитарлық-экологиялық мәдениетін арттыруға, сондай-ақ, Шымкент қаласының көркеюіне оң ықпал етуде.

Қаланың тазалығы – баршаға ортақ жауапкершілік. Сенбілікке қатысқан ардагерлер, жастар және белсенді азаматтар бұл бастамаға үнемі қолдау білдіріп келеді. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі 

Бүгін, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр