Шымкент: Тәулігіне 50 мың текше метр су айдайтын кәріз жүйесі іске қосылады

11 тамыз 2023, 9:45

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, мегаполистегі кәріз жүйесінің өзекті мәселелерін 2025 жылға дейін шешу мақсатында қазіргі тазарту имаратының жанынан қосымша кешен құрылысы салынуда.

Мұрат Дүйсенбекұлы аталған құрылыс алаңына барып, жұмыс барысын қадағалады. Шымкент қаласында қазір тәулігіне қуаттылығы 150 мың текше метр ағын су тазарту имараты жұмыс істеп тұр. Көктем мен күз айларында кәріз тазарту имараттына тәулігіне 160-170 мың текше метр қар мен жаңбырдан қалған ағынды сулар келіп қосылады. Сондықтан тазаарту имараты жанынан салынып жатқан қосымша нысан тәулігіне 50 мың м3 ағын суды өткізе алады.

Тағы бір айта кетерлігі, бас жоспарға сәйкес қаланың солтүстік бөлігінде көпқабатты үйлердің құрылысы қарқынды түрде жүріп жатқандықтан, кәріз жүйесін тұтынушылар санының күннен күнге артуы. Қазіргі уақатта «Шым Сити» және Тұран шағын ауданында тұрғындардың жалпы саны сексен мыңды құрайды.

2023 жылы бюджет есебінен салынған кәріз желілеріне Самал-1, Самал-2, Солтүстік-Батыс, Қайтпас-1, Қайтпас-2, Оңтүстік шағын ауданы, Қаратөбе тұрғын алабынан барлығы 41 мың жеке үйлер қосылады. Бұл елді мекендерде кәріз жүйесіне қосылатын тұрғындар 264 мыңнан асады.

Осыған орай Еуропалық Даму және қайта құру Банкінің «Жасыл қала» бағдарламасы аясында кәріз тазарту имаратының қосымша ғимарат салу жоба құны – 3,5 млрд. теңгені құрайды. Жобаны ЕҚҚДБ қаржыландырады, қолдау қаражаттары 1,75 млрд. теңге мөлшерінде, ал мемлекеттік қолдау 1,75 млрд. теңге. Кешенді жаңа технологиялық нысанның құрылысы екі жыл қатарынан жүргізіліп, 2024 жылдың аяғында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Шымкентте тәулігіне 150 текше метр сарқынды суларды тазалайтын имарат пен сарқынды судан алынған тұнбаны қайта өңдеу арқылы биогаз негізінде жылына 3,5 млн кВт электр энергиясын өндіретін цех жұмыс істейді. Ал, сарқынды судың қалдығынан биогаз өндіру жобасы Орта Азияда тек Қазақстанда, оның ішінде Шымкент қаласында ғана жүзеге асырылып жатыр. Осы бірегей жобаның нәтижесінде «Су ресурстар Маркетинг» мекемесі қолданып отырған электр энергияның 70 пайызын өзімізде, яғни биогаздан өндіріп жатырмыз. Табысты жобаларды жүзеге асырудың арқасында инвестиция тарту ісі қарқынды жүруде. Осы жылдың алты айында 1,8 млрд. теңге инвестиция тартылып, бұл қаржы 6 бағыт бойынша жұмсалыпты.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады