jasqazaq.kz

Шымкент: «Стоп-Вейп!» акциясы және ішімдіксіз ауыл

05 қараша 2025, 19:15

 

3–5 қараша аралығында Шымкент қаласының барлық аудандарында прокуратураның ұйымдастыруымен «Стоп-Вейп!» атты профилактикалық акция өтіп жатыр. Аталмыш шараның негізгі мақсаты – вейптердің заңсыз айналымына жол бермеу, тұрғындар арасында оның зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу және вейптерді ерікті түрде, жауапкершіліксіз тапсыруға мүмкіндік жасау. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі – әкімнің орынбасары Сәрсен Құранбектің қатысуымен Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды.

Акция барысында қала тұрғындары өз вейптерін келесі қабылдау пункттеріне өткізе алады: Shymkent Plaza, «Самал» және «Алаш» базарлары, «Грамад», «Фиркан», Shymkent City Mall, Rahima Plaza, Diamond Plaza, «Баян Сұлу» және «Юг Сити» сауда орталықтары.

Бұл бастама азаматтардың денсаулығын қорғауға және жасөспірімдер арасында электронды темекіге қарсы күресті күшейтуге бағытталған.

Сондай-ақ Шымкент қаласында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу,

салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатындағы «Ішімдіксіз ауыл» жобасы өз тиімділігін көрсетуде.

Жуырда қалалық полиция департаменті мен жергілікті полиция басқармасының өкілдері Жиделі елдімекенінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары жергілікті белсенді тұрғындармен бірге дүкендерді аралап, спирттік ішімдік сатуды тоқтату арқылы елдімекендегі қоғамдық тәртіпті сақтау маңызын түсіндірді.

Бастаманы қолдаған дүкен иелері лицензиялары бола тұра ішімдік сатпауға келісім берді. Мұндай шешім – қоғам қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтауға бағытталған маңызды қадам.

Қала әкімдігі мен полиция қызметі алдағы уақытта да ішімдіксіз аймақтарды көбейтіп, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын жалғастыратын болады.

JQ-Aqparat

Сурет: pixabay.com

 

 

 

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді