Шымкент: Штаб отырысында 8 жоба мақұлданды

11 тамыз 2023, 9:51

Шымкент қаласында соңғы бес жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі 492 млрд. теңгеден 937 млрд. теңгеге жетті, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 58 мыңнан 110 мыңға дейін өсті. Сонымен қатар қала экономикасына 2 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылды. Экономиканың орнықты дамуы бюджет көлемінің артуына ықпал етті. Қала бюджеті 5 жылда 4 есе көбейіп, 146 милиардтан 642 миллиард теңгеге жеткен. Қаланың 5 жылдық даму жоспары қайта қаралып, басым салаларды белгіленген. Шымкентте экономиканың дамуына тың серпін беріп отырған саланың бірі – өнеркәсіп. Бүгінде Шымкентте жұмыс істеп тұрған 5 өндірістік алаң бар. Онда жалпы құны 350 миллиард теңгенің 335 инвестициялық жобасы жүзеге асып жатыр.

Жуырда Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен кезекті инвестициялық штаб отырысының күн тәртібінде 2023 жылдың екінші жарты жылдығында қолға алынатын жобалар және аталған жобаларда кездесетін мәселелер туралы болды.

Биылғы жылға инвестициялық жобалардың бірі тұрғын үйлердің қасбетін жасауға арналған материалдар шығаратын зауыт, сантехникалық бұйымдар жасау зауыты, мұнай қалдықтарынан шығарылатын сұйық битум шығаратын зауыт құрылысы. Барлық жобалар мегаполистегі индустриялдық аймақтарда іске асырылатын болады. Сонымен қатар кондитер өндісі және қағаз өндіру цех құрылысының жобасы да мақұлданған. Осы жолғы штаб отырысында 8 жоба мақұлданды. Сонымен қатар өндіріс орындарынан бөлек, тағы бір ұсынылған ұтымды жобалардың бірі – 500 орынға арналған студенттер жатақханасы.

Мұрат Дүйсенбекұлы индустриялды аймақтарда жүзеге асыратын бұл жобаларды тиісті инфрақұрылыммен қамтуды, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектерді дер кезінде қолдануды тапсырды.

Бүгінде қаладағы тұрғын үй құрылысының қарқынды дамуына байланысты нарықта сантехникалық бұйымдарға деген сұраныс өте жоғары. Осы мақсатта миллион тұрғыны бар мегаполисте алдағы уақытта сахтехникалық құралдар мен бұйымдар өндіретін зауыт қосу жобасы жүзеге асырылмақ. Зауыт «Жұлдыз» индустриалдық аймағындағы 4 гектар жерде орналасқан. Аталған аймақтағы нысан тиісті инфрақұрылыммен қамтылатын болады. Сондай-ақ, зауыт жылына 40 мың дана жуыну ваннасын және 40 мың қол жуғыш құралдарын шығаруға қауқарлы. Зауыт іске қосылған жағдайда 30 адам жұмысқа тартылмақ. Жоба құны 1 миллиард теңгені құрайды, сонымен қатар 2024 жылы іске қосылады деп күтілуде.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады