jasqazaq.kz

Шымкент: Шектеулі мүмкіндіктің шексіз иесі

12 шiлде 2025, 20:25

 

Шымкент қаласындағы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың меңгерушісі Ербек Бакиевпен сұхбатымыз мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмек жайына ойысты. Оның айтуынша, бірінші топтағы көз мүгедегіне жыл сайын мемлекеттен тифло құралдар, әр үш жыл сайын ұялы телефон, әр бес жыл сайын кітап оқитын оқу машинкасы тегін беріледі. «Сонымен қатар жыл сайын Қазақстанның кез келген қаласына курорттық санаторийге демалысқа жолдама беріледі. Әлеуметтік портал арқылы санаторийлерді өзіміз таңдаймыз. Он төрт күн ем аламыз, дем аламыз. Мысалы, кімнің қан қысымы жоғары болса, соған ыңғайлы санаторийге барады. Біреу тау жаққа барғысы келеді. Мен өзім жыл сайын санаторийде демаламын. 2021 жылы Сарыағаш қаласындағы «Асыл бұлақ» санаторийінде, 2022 жылы Көкшетаудағы «Алмаз» санаториінде, 2023 жылы Талдықорғанның ар жағындағы Текелі деген жерде, 2024 жылы Баянауылда, Жасыбай көлінің жағасында демалдым. Биыл қайтадан қайтадан Көкшетауға Бурабайға жолдама алып отырмын. Жеке өз басым әлеуметтік қолдаудың көп шарапатын көрдім. Мемлекет тағайындаған тағайындаған жәрдемақы ай сайын уақытылы түсіп жатыр. Одан бөлек, емханадан өзімізге қажетті дәрі-дәрмектерімізді алып, емделіп тұрамыз. Мемлекеттің бізге жасап жатқан қолдауының ішінде ең маңыздысы және қажеттісі 2016 жылы Астана шағын ауданынан екі бөлмелі пәтерге қол жеткізуіміз», — дейді ол.

Мүгедектігінің санатына қарай ноутбук те беріледі екен. «Өкінішке қарай, осындай әлеуметтік қолдаулар бар екенін зағип жандар біле бермейді. Сол үшін де кітапханамызға келген оқырмандарымызды ұдайы әлеуметтік саладағы қолдаулар мен жаңалықтар туралы хабардар етіп отырамыз. Өйткені ол өзін қоғамнан шет сезінбеуі керек. Тек қана Алланың сынағы болуы мүмкін. Ал қалған жағдайда ақыл-есі дұрыс, басы жұмыс істеп тұрса, оның білім алуға, ізденуге, шетелде оқуға немесе шетелгеқыдыруға, жалпы жан-жақты қабілетті болуға құқығы бар. Қазір алдыға ұмтылмасаң, аямайтын заман деп жатады.

Сондықтан замандастарымыздың тарапынан да ізденіс, талпыныс болғаны абзал», — деп Ербек ағамыз әлеуметтік көмектерге тоқталып өтті.
Кейіпкерімнің айтуынша, мемлекет мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық жағдайды жасап жатыр. Тек көкірек көзін ашып, санасын дамытса болғаны. Жеке кәсіпті де қолдап, қайтарымсыз қаржыны да беріп жатыр. «Жаман-жаман» дей бергеннен ештеңе шықпайды. Кейде қарап отырып сынап-мінейтіндер табылады.

(Жалғасы бар)
Мөлдір Кенжебай

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді