jasqazaq.kz

Шымкент: Шектеулі мүмкіндіктің шексіз иесі

12 шiлде, 20:20

Шымшаһардағы ккөзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың меңгерушісі Ербек Бакиев бір кітапхананың жұмысымен шектелетін азамат емес. Мұндағы жұмысымен қатар ол жергілікті «Оңтүстік» телеарнасында «Ізгілік мекені», «Отырар» арнасында «Ерекше жандар» бағдарламаларын жүргізді. Кезінде «Шалқар шабыт» деген газет те шығарған. 2018 жылы Қазақстанның КИнЭС рекордтар кітабына «Еліміздегі тұңғыш зағип тележүргізушілер» деген айдармен енді. Ол өзі жүргізетін телехабарларында елімізге белгілі ақын-жазушыларымен емін-еркін сұхбаттасып, түрлі сала мамандарын да сөйлетті. Сондағы мақсат біреу ғана. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамда жеткен жетістігін жырлау арқылы қиын жағдайға тап болған жандарға үлгі, мотивация болсын ниет. Бұл жолда ол, әрине, аянып қалмады. Мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау мен ол үшін құжат тапсыру жолдары, аурухана мәселелері, тағы сол сияқты мәселелер жайында түсінік беріп, зағип жандарға тамшыдай болса да көмек берейін деп тырысты. Еңбегінің нәтижесі жаман болмады, қаншама замандасына үміт сыйлады, жігерін жаныды. Осының өзі зағип жандарға деген әлеуметтік қолдау емес пе!

Ербек Бәкиев өз сөзін былай жалғады: «Шымкент қалалық арнайы кітапхананың іргетасы сонау 1969 жылы қаланған. Биыл мекемеге 56 жыл толып отыр. Былтыр 55 жылдығы кең көлемде аталып өтілді. Республикалық деңгейде барлық арнайы кітапханалардың басын қосып, екі күндік халықаралық конференция өткізілді. Конференцияға алыс-жақын көрші мемлекеттерден әріптестеріміз қатысты. Кітапхананың 55 жылдығына орай спорт және әдеби жарыстар ұйымдастырлды».

Оның айтуынша, кітапханаға 22 мыңға жуық оқырман тіркелген. 148 мыңға жуық кітап қоры бар. Оның 51 пайыздан астамы — арнайы саусақпен сипап оқу кітаптары мен дыбысталған дискілер. Барлығы да оқырманға қолжетімді. Кітапхана мәдениеттің ғана ордасы емес, ол — кітаптың сақшысы. Осы кітапхана арқылы қаншама адам отбасы болып бас құрапты. Ай сайын тұрақты түрде басқосу ұйымдастыратын «Тағдырластар» және «Ғибрат» клубтары жұмыс істейді. Барлығы да оқырманға қызмет етеді.

Ербек Бакиев: «Залдарымыз толықтай жарықтандырылған. Оқырмандарымыз кез келген уақытта келіп, интернетті, ноутбукті қолдануына мүмкіндігі бар. Қоғамның мүгедек жандарға дұрыс көзқарасының қалыптасып келе жатқандығы қуантады», — дейді.

(Жалғасы бар)
Мөлдір Кенжебай

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті