jasqazaq.kz

Шымкент: Шектеулі мүмкіндіктің шексіз иесі

12 шiлде, 20:15

Шымкент қаласындағы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың меңгерушісі Ербек Бакиевтің «Өмірге ғашық жүректер» атты кітабы  2014 жылы жарық көрген.  Ол өңірдегі жиырма бес зағип жанның жеткен жетістігін қаламына арқау етіпті. Бұл кітапты оқыған әр адамның «Неге біз өмірге өкпелей береміз!» деп ойланатыны даусыз.
«Адам өмірге бір-ақ рет келеді. Біз ашуланған кезде не болады? Жүйке тамырларымыз жарылады, көңіл-күйіміз бұзылады, ренжиміз. Кім ұтады, кім ұтылады? Екі ортада өзіміз ұтыламыз. Сондықтан адам тағдырына ренжімесін, талпынсын, ұмтылсын. Шабыт маған көңіл-күйіме қарай келеді. Қуанған кезде көңілді өлең жазуым мүмкін. Мұңайған кездегі өлеңдерім сирек. Себебі мен өмірг мұңая бермеймін. Өйткені, біз қайтып келмейтін адамдармыз. Бүгін бармыз, ертең жоқпыз. Артымыздан жақсы із қалса деймін. Менің тақырыбым –өмірге құштарлық», — дейді автор.

Иә, ол «тағдырыма тәнтімін» деп жүріп үшінші кітабын жарыққа шығарды. Айтыскер ақын Талант Арғынғали айтпақшы, ойы орнықты, қаламы қалыптасқан, айтары анық ақынның өмірінің өрнегіне айналған өлеңдері жанға жайлы, жүрекке қонымды. Жанын кейде күйзелтіп, кейде жадыратқан шақтарды өлеңмен өрнектейді. Тірі пендеге айтылмас жан сырын да өлеңге ақтарады. Жанын қинаған азаптан өлең арқылы емделіп жүргендей көрінеді.
«Тартылып теңіз толқыны тоқтап қалғанда,
Тосқауыл қойып ойдағы сансыз арманға.
Таңбасын салды тағдыр да менің көзіме,
Жарықты шала көрсетіп мына жалғанда», — деп тағдырына наласын білдіргенімен, ойының түйінін:
«…келешек күнге үмітпен басып қадамды

Ізгілік жолмен жетейік аман ақ таңға», — деп барды бағалау, асылды ардақтау керек деп түйеді.

Өміріне өлеңнен мән тапқан ақын жас таланттарды да қолдаудан танған емес. Биыл алтыншы рет мүгедектігі бар азаматтар арасында «Мөлдіреген жыр сезім» республикалық әдеби байқауын ұйымдастырып жатыр. «Бір жағы жастарды қанаттандырамыз. Екінші жағынан шығармашылықты, әдебиетті насихаттаймыз. Әдебиетті насихаттау арқылы талантты жандарды ел алдына шығарамыз. Биыл да сол дәстүрден жаңылмай, Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қабылбекова апамыздың жетпіс бес жылдығына орай күзге қарай өткізсек деген жоспар бар», — дейді байқау ұйымтастырушысы Ербек Мейрамбайұлының өзі. Иә, жалғанды шалажансар жанарымен көрсе де, қолынан келгенше өзгеге де болсын деп тыным таппайтын Бакиев Тоқаевтың төс белгісімен және Қазақстанның Құрметті кітапханашысы төс белгісімен де марапатталған.

(Жалғасы бар)
Мөлдір Кенжебай

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті