jasqazaq.kz

Шымкент: Шектеулі мүмкіндіктің шексіз иесі

12 шiлде 2025, 20:05

Шымкенттегі 11-ші шағын ауданда орын тепкен қаладағы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың тифлология деген бөлімінің терезесінен Уәлиханов көшесіндегі қала шуылы алыстан талып жеткендей естіледі. Менің қарсы алдымда осы бөлімнің меңгерушісі Ербек Мейрамбайұлы отыр. Оның жұмыс үстелінде, компьютерінің алдында он шақты кітап жатыр. Өзі айтқандай, бала  кезден кітап оқуға ерекше құмартып, кітапты «кеміріп» өсті. Сол кітапқа деген қызығушылық оны осы арнайы кітапхананың тифлология бөлімінің меңгерушісі қазыметіне алып келді.

Кітапханадағы тифлология бөлімі – зағип жандармен жұмыс істеу, көзі нашар көретін немесе мүлдем көрмейтін азаматтарға қызмет көрсетіп, олардың дамуына, ой-санасының өркендеуіне және қоғамға еркін бейімделуіне ықпал етуге барынша көмектесетін бөлім. Өзі секілді тағдырлас, салалас жандарға қызмет көрсетеді. Жанары жарықты көрмесе де, айналасын жүрек жарығымен, көңіл шуағымен сезіп жүрген көз мүгедектігі бар жандарға мұнда барлық жағдай жасалыпты. Кітапхананың ішіне кіргеннен-ақ жанға жайлы айрықша атмосфера сезіледі. 2021 жылы модернизациядан өткеннен кейін мүлде жаңа кейіпке енген. Апта сайын түрлі тақырыптағы іс-шаралары да үзілмейді. Мұндай жиындар тағдырлас жандардың қарым-қабілетін ашуға, талантын шыңдауға, мотивация беруге, өмірге құштарлығын арттыруға таптырмас олжа.

«Кітапхананың тифлология бөлімі оқырмандарына қандай қызмет ұсынады?» деген сауалымызға Ербол Мейрамбайұлы былай деп жауап берді:

«Кітапханамыздың дыбыс жазу бөлімінде мүлдем көзі көрмейтін, Луи Брайль жүйесін әлі жаттап үйренбеген оқырмандарға дикторлардың дыбыстауымен кітаптар оқылып, өңделіп, оқырманға беріледі. Оны флешкаға не дискіге салып, өзінің компьютеріне, ноутбугіне көшіріп немесе қалта телефонына өткізіп алып, Телеграмға сақтап алып, кез келген уақытта тыңдай алады. Бұл кітап оқығысы келетін зағип жандарға үлкен көмек. Жалпы қандай жағдай болса да сана түзеліп, үздіксіз дамуы керек. Адам білімді, рухани дүниесі бай болса, ешуақытта қор болмайды. Сол үшін әрдайым жаңа кітаптар, хабарламалар, ақпараттар, қандай да бір байқаулар болып жатса, оқырмандарды хабардар етіп отырамыз. Біз оқырмандарымыздың жетістігімен мақтанамыз. Кітапханада елуден астам қызметкер бар. Олардың көбі — зағип жандар. Бізде І және ІІ топтағы мүгедектігі бар оннан аса қызметкер жұмыс істейді.

(Жалғасы бар)
Мөлдір Кенжебай

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады