Шымкент: Шаруалар жидек өсірудің жаңа әдісін қолданып жатыр

23 тамыз 2023, 12:31

Шымкент қаласында соңғы жылдары мемлекет тарапынан жылыжай шаруашылығына қолдау артып келеді. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25 пайызы, тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған қаржының теңге жартысына дейін үкіметтен төленеді. Одан бөлек, төмен пайызды несиелеу бағдарламасы қарастырылған. Бұл көмек түрлері кәсіпкерлердің қызығушылығын арттырып, мегаполисте жылыжай шаруашылығын дамытуға септігін тигізуде.

Қазір қала аумағында 209 гектар жылыжай кешені бар, оның 71 гектары өнеркәсіптік жылыжайларға тиесілі. Бұл кешендерден жылына шамамен 17 мың тоннадан астам қызанақ, қияр және тағы басқа да көкөніс түрлері өндіріліп, ішкі және сыртқы нарыққа саудалануда. Биыл тағы екі жылыжай кешенін іске қосу жоспарлануда. Онда 800 тонна құлпынай мен өзге де көкөністер өндіріліп, 30-дан астам адам жұмыспен қамтылатын болады. Сонымен қатар, Шымкенттік кәсіпкер құлпынай өсіруді қолға алған. Өнімді Бадам тұрғын алабында 6,5 гектар алқапқа еккен. Қазір өнім көлемін арттыру үшін шаруалар бірігіп, ауыл шаруашылығы кооперативін құрмақ. Осылайша құлпынай алқабын 30 гектарға арттыру жоспарланып отыр. Ал «Дары Сайрама» ЖШС-і 5 гектар жерге жүзім өсіреді. Кәсіпорын жылына 7 мың тоннаға дейін жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеп, тосап, шырынның түр-түрін өндіреді.

Шымкент қаласында тұрғындарды жидек өнімдерімен қамтамасыз ету алқаптарда алғаш рет 0,5 га жерге жаңа әдіспен құлпынай өсіріле бастады. Онда ғылым мен техникалық жетістіктерді қолдану арқылы «Альба» және «Клири» сұрыптары егілген. Инновациялық жоба шаруаларға қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мен кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен семинарда практикалық негізде көрсетілген еді. Бүгінге келіп шаруалар құлпынайдың жаңа түрін өсіруді жылдам меңгеріп, егіс алқаптарында өсіріп жатыр.

Құлпынай өндірісіндегі жаңа жобалар – үй іргелік жерлерді игеріп, қала халқының табысын арттыру және тұрғындарды құлпынай өнімімен қамту мақсатында қолға алынған. Мамандар құлпынайды жылыжайда пластик пакеттерге отырғызу арқылы көп өнім алуға болатынын айтады. Құны бойынша да бұл технология әлдеқайда арзан екен. Құлпынайды өсіру үшін тамшылатып суару әдісі қолданылады. Қазіргі уақытта құлпынай өнімдерінің 70-90% жеке қосалқы шаруашылықтарда егіледі. Алайда, олар заманауи технологияларды қолданбауынан өнімділік төмен және тек маусым аралық мерзімде ғана өсіреді.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз