Шымкент: Шаруалар жанармайдан тапшылық көрмейді

10 тамыз 2023, 9:55

Шымкент қаласында егістік алқаптағы дала жұмыстарын жүргізу үшін жеңілдетілген бағамен 500 тонна жанар-жағармай қарастырылған. Бұл туралы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров мәлімдеді.

Қазіргі уақытта операторлар мұнай өңдеуші зауыттан тиісті жанар-жағармай көлемін алып, оның 360 тоннасын шаруалардың қажеттіліктеріне байланысты үлестірді. Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мал шаруашылығын қолдау мақсатында, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Шымкент қаласы бойынша филиалы 17 жобаға 428 280 мың теңге жеңілдетілген несие қаражатын берген.

Шымкент мегаполис болғанымен оның төңірегінде ауыл шаруашылығы бағытына арналған жерлер бар. Жылдан жылға қала халқының саны артып, әлеуметтік құрылыстың көптеп жүргізілуінен мұндай жердің қысқаруына алып келуде. Мәселен, 2022 жылы 30 мың гектар аумаққа тұқым себілсе, биыл 26,6 мың гектарға дәнді дақылдар мен көкөністер, бақша өнімдері мен мал азықтық және майлы дақылдар өсіріліп жатыр.Оның ішінде дәнді дақылдар – 10,9 мың, майлы дақылдар – 3,4 мың, көкөніс пен бақша дақылдары – 2,7 мың, картоп – 0,4 мың, мал азықтық дақылдар – 9,0 мың гектар жерге егілген. Аталған егіс көлемінен 87,1 мың тонна өнім жиналады деп күтіліп отыр.

Сонымен қатар, 2023 жылы өнімділікті арттыру мақсатында, егін шауашылығы саласын мемлекеттік қолдауларға жергілікті бюджеттен 143 226,0 мың теңге қаржы қаралған. Оның ішінде: – минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға –122 146,0 мың теңге;
– тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға – 20 480,0 мың теңге;
– пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға – 600,0 мың теңге бөлінген.

Айта кетейік, бүгінгі таңда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ кәсіпкерлерге бірнеше бағытта қаржылық қолдау көрсетіп отыр. Атап айтқанда, биыл Шымкент қаласы филиалы бойынша ауыл шаруашылығын дамытуға 12,2 миллиард теңге бөлінді. Оның 10,3 миллиард теңгесі игерілді. Қалғаны жоспар бойынша жыл соңына дейін игерілетін болады.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады