jasqazaq.kz

Шымкент: Шаһардағы үш ауданда кезекті «Таза қала» акциясы өтті

18 тамыз, 14:03

Шымкент қаласында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында кезекті «Таза қала» жалпы қалалық акциясы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері, аудан әкімдіктері, коммуналдық мекемелер қызметкерлері, қала тұрғындары мен еріктілер қатысты.

Шымкент әкімдігінің мәліметенше, осы жолы Әл-Фараби ауданында өткізілген тазалық акциясына жалпы 335 адам және 22 арнайы техника жұмылдырылған. Соның нәтижесінде 27 тонна қоқыс шығарылды. Тазарту жұмыстары барысында қураған ағаштар мен бұтақтар кесіліп, шөп шабу, қоқыс алаңшаларын жуу, жолдар мен жүргіншілерге арналған жолдарды тазалау жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ қаланың Тұран ауданында тазалық жұмыстарына 426 адам мен 36 техника тартылды. Іс-шарада жасыл желектерді күтіп-баптау, қураған ағаштар мен бұталарды кесу, сондай-ақ аумақтарды қоқыстан тазарту жұмыстары атқарылды. Соның нәтижесінде 18,3 тонна қоқыс шығарылды.

Сонымен қатар Абай ауданында ұйымдастырылған жұмыстарға 400 адам мен 15 техника жұмылдырылып, 42 тонна қоқыс шығарылды. Тазалық акциясы барысында қураған ағаштар кесіліп, шөп шабу жұмыстары жүргізілді. Аумақтарда санитарлық тазалық жұмыстары атқарылды.

Бұдан бөлек, тазалық іс-шарасы барысында аудан аумақтарында жасыл желектерді күтіп-баптау, жолдар мен жүргіншілерге арналған жолдарды жуу, қоқыс алаңшаларын ретке келтіру сияқты басқа да жұмыстар атқарылды.

«Таза қала» жалпы қалалық акциясы қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға, сондай-ақ қала келбетін көркейтуге бағытталған.

Айта кеткен жөн, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен былтырдан бері қолға алынған «Таза Қазақстан» жобасы Шымкент қаласында белсенді түрді жүзеге асырылып келеді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда