Шымкент: Самал -3 шағынауданында 4 мыңнан астам абонент кәріз жүйесіне қосылады

28 шiлде 2023, 16:15

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында Самал-3 шағынауданын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары пысықталды. Күні кеше аталған елдімекенді аралау кезінде Мұрат Дүйсенбекұлы жергілікті тұрғындармен кездесіп, жол құрылысы барысын тексерген болатын. Бүгінгі жиында шағынауданды аралау кезінде анықталған өзекті мәселелер мен халықтың талап-тілегі талқыланып, шешу жолдары ұсынылды.

Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тапсырысымен аталған мекен жайда 2021 жылы құрылыс жұмыстары жүргізіліп, былтырғы жылдың соңында қолданысқа берілген. Қазіргі таңда мамандар тұрғындар арасында кәріз жүйесіне қосу бойынша тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Жоба бойынша канализациялық желілердің ұзындығы 37,3 шақырымды құрайды. Нысан 4 мыңнан астам абонентті орталықтандырылған желіге қосуға мүмкіндік береді.

–Тұрғындардың көпшілігі жол салынып болған соң кәріз тартуға өтініш береді. Сондықтан, мен жол құрылысын инженерлік желілер толық тартылған соң бастауды ескерттім. Бұл ретте абоненттерді қолайлы бағада канализациялық желіге қосуды ұсыну қажет. Жауын-шашында су басу қаупі туындамас үшін ирригациялық жүйелердің де талапқа сай жүргізілуін бақылаңыздар, — деді қала әкімі.

Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға тұрғындар арасында кәріз жүйесінің тиімділігін түсіндіре отырып, халыққа қолайлы жағдай жасау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ жол және инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысын жүргізуде тиісті басқармалардың жұмысын үйлестіруді ескертті.

Айта кетейік, қазіргі таңда қаладағы 81 шағын ауданның 24-і кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген. Биыл 10 нысанның құрылыс жұмыстарына тиісті қаражат қаралған. Жыл қорытындысымен 6 нысанның, атап айтқанда, Мирас-Шапағат-2, Тассай, Тұран ішкі жүйе, Қайтпас-2, 112 орам, Бозарық шағынауадандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент канализация жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады.

Мерей Әлімбек

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады