Шымкент: Ренновациялық бағдарламаға қатысатын тұрғындарды уақытша көшіру рәсімі басталды

11 тамыз 2023, 9:52

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың сайлау алды бағдарламасында 2029 жылға дейін тозығы жеткен 1500 тұрғын үйді бұзып, орнына көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын салу және оны үй иелеріне жаңа пәтерлерді табыстау тапсырылған. Осыған орай Шымкент қаласындағы тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы енгізілген.

Реновация — тозығы жеткен тұрғын үйлерді сүріп, орнына жаңа тұрғын үй салу бағдарламасы. Шымкент қаласында 2 мыңнан астам көп пәтерлі тұрғын үй болса, соның 70%-ынан астамы Кеңес заманынан бері келе жатқан тұрғын үйлер. Қала бойынша 107 тұрғын үй ұсынылып, оның 13-і Абай ауданында, 44-і Әл-Фараби ауданында, 7-і Еңбекші ауданында және 43-і Тұран ауданында орналасқан. Тұрғын үйді бұзбас бұрын ең әуелі міндетті түрде тұрғындардың келісімі алынады. Тұрғындардың толық келісімін алған жағдайда ғана тұрғын үй сүріледі.

Қазіргі уақытта Шымкент қаласы әкімдігінің жетекшілігімен тозығы жеткен үйлерге реновация бағдарламасы бастау алды. Аталған бағдарлама аясында Еңбекші ауданындағы Безделев көшесі 72А мекенжайда орналасқан 8 пәтерлі екі қабатты ескі тұрғын үйдің орнына 7 қабатты заманауи үлгідегі 36 пәтерлі тұрғын үй салу жоспарлануда. Бүгін ескі үйдің сүрілуіне байланысты 50-ге жуық тұрғындардың көшу рәсімі болды.

Қала билігінің айтуынша, Шымкентте 107 үй әбден ескіріп, тозған. Оларды сүріп, орнына жаңа тұрғын үй салуға тура келеді. Бірақ кең ауқымды реновация бағдарламасын жүзеге асыру үшін әрбір тұрғынның келісімі қажет. Ескі шағын аудандардағы көптеген үйлер өткен ғасырдың 50-жылдарында салынған. Тіпті одан ескілері де бар. Қазір бағдарламаны жүзеге асыруға 3 инвестор қызығушылық танытып отыр. Белгіленген нақты аудандар бар. Олар: 1 май, Қалдаяқов пен Түркістан көшелеріндегі үйлер. Мұнда бәрі тұрғындардың келісімімен жүзеге асады.

Сонымен қатар, Елшібек батыр көшесі, 91 үйдің тұрғындары бағдарламаға қатысуға келісімін беріп отыр. Инвестор тозығы жеткен үйдің орнына 9 қабатты зәулім үй салуды жоспарлауда. Осы ретте акционерлік қоғам инвестордың ұсыныстарын қарап, құжаттарын зерделеуден өткізуде. Тиісті келісімдер жасалғаннан кейін құрылыс жұмыстары басталады.

Айта кетсек, бұл жоба «Шымкент Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» сүйемелдеуімен жүргізіліп, толығымен инвестор тарапынан қаржыландырылады.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады