jasqazaq.kz

Шымкент: Пробация қызметі есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту жалғасуда

12 қазан 2025, 14:26

Шымкент қаласында пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа орналастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Шымкент қаласы Еңбек мобильділігі орталығында қалалық прокуратура, пробация, полиция департаменті мен аудандық әкімдік және жұмыс берушілердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Жиында пробация қызметі мен бас бостандығынан айыру мекемелерінен босап шыққар азаматтарды әлеуметтік бейімдеу және жұмыспен қамту мәселесі талқыға салынды.

Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес, 2025 жылға аталған санаттағы азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында 29 кәсіпорын мен мекемеде жалпы 96 жұмыс орнына квота белгіленген. Оның ішінде пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін – 52 орын, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар үшін – 44 орын қарастырылған.

Бүгінгі таңда пробация қызметі есебінде тұрған 29 адам және бас бостандығынан босатылған 12 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, 12 адам квотадан тыс мекемелерге жұмысқа жолданып, 4 адам қоғамдық жұмысқа, 1 адам «Күміс жас» жобасы аясында еңбекке тартылды. Үшінші тоқсан қорытындысымен 3 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Қаладағы бірқатар кәсіпорындар квотаны толық орындады. Атап айтқанда,

«Жасыл белдеу» КММ,

«Текстильная фабрика B.A.E.R» ЖШС,

«ВИЗиТ алкогольсіз сусындар зауыты» ЖШС,

«Қаратау» КММ,

«Альянс Траст» ЖШС және

«АРТ-Құрылыс» ЖШС пробация есебіндегі азаматтарға бөлінген орындарды 100% орындады.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті ғимаратында enbek.kz электронды еңбек биржасы туралы ақпарат беру мақсатында арнайы бұрыш ашылып, бүгінгі күнге дейін 100-ге жуық адамға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласы әкімдігі мен пробация қызметі бірлесе отырып, әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қоғамға бейімдеу, оларды еңбекке тарту бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырмақ.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Еңбек мобильділігі орталығы

 

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады